Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:45, 28 ноября 2013

«Барыс» өз жерінде «Арыстаннан» жеңілді

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Лев» (Чехия, Прага) командасынан ұтылды

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Лев» (Чехия, Прага) командасынан ұтылды.

Бұл ойында қонақтар есепті бірінші болып ашты. Алайда алғашқы кезеңнің соңына дейін «Барыстың» хоккейшілері таразы басын теңестіре білді. Екінші кезеңде «Лев» тағы да бір шайбамен алға шықты. «Барыс» оған да жауап беріп, үшінші кезеңде есепті тең қылды. Алайда контршабуылдың арқасында чехтар бір минуттың ішінде өз басымдығын ұлғайтты. Есеп — 2:3. Өкінішке қарай, Астана қаласының хоккей клубы оны өзгерте алмады. Ойынды қосымша уақытқа ұластыруға тамаша мүмкіндіктер болды. Матчтың соңында «Барыс» қақпашыны алып тастап, алтыншы ойыншыны да шығарды. Бірақ «Лев»-тың қорғанысын бұза алмады.

Айта кетейік, Прага хокей клубының Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп болған жоқ. Сондықтан осы ойынға дейін бұл екі команда үш-ақ рет кездесті. Соның барлығында «Барыстың» мерейі үстем болды. Өткен чемпионаттың екі матчында Астана қаласының хоккей клубы 4:2 және 5:1 есебімен жеңіске жетсе, биылғы чемпионат аясында Братиславада өткен матчта «Барыстың» хоккейшілері овертаймда жеңіске жеткен болатын. Осы жолы «Барыс» өз жерінде «Арыстаннан» алғаш рет жеңіліп отыр.

 
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
136
0