Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:26, 28 ноября 2013

«Бар жақсымыз балаларға!»: ҚР Қорғаныс министрі Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

Blog post imageТұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады. Әскери қызметшілер «Ризашылық» қайырымдылық акциясы аясында қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық құралдар жинағын, доптар, бадминтонға арналған жинақтар, шахматтар, теннис ракеткаларын, ал ең кішкентайлар үшін жұмсақ ойыншықтар сыйға тартты.

Осы күні Балалар үшін әсем әуендер әуелеп, ән мен биге кезек берілді, үлкендер балалармен араласты. Келген қонақтар педагогтармен бірлесіп бараларға мереке ұйымдастырды, олардың шығармашылығымен және тұрмысымен, спорттық және басқа да табыстарымен танысты.

Сондай-ақ осы іс-шараның шеңберінде спорттық ойындар өткізілді. Түстен кейін балалар үйі мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерінің арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері барлық әскери гарнизондарда балалар мен білім беру мекемелеріне қолдау мен көмек көрсетеді. Осы жылылыққа толы дәстүр Тұңғыш Президент күні де жалғасын тапты.

-Балалар тәрбиесі – болашағымыздың іргетасы. Біз оларға ең үздік білім беруге талпынуымыз керек. «Бар жақсымыз балаларға!» деген ұран барлығымыздың ұстанымымызға айналуы тиіс, - деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
515
0