Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:04, 28 ноября 2013

2013 жылдың 29 қарашасында Астанада және Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасының Климаттың өзгеру мәселелері бойынша бірлескен жобасының аяқталуы және үшінші Ұлттық хабарламаны ұсынуға арналған с

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-38/

Сарапшылардың пайымдауынша, соңғы 70 жыл ішінде Қазақстан аумағында жер үсті ауасының орташа жылдық температурасының тұрақты көтерілуі байқалып отыр. Экономиканың көптеген секторларында климаттың өзгеру салдары айқын көрініс алды. Ауыл шаруашылығы суармалы және ауыз су тапшылығын сезінуде. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан (боран, су тасқыны, сел, су көшкіні және т.б.) Қазақстан экономикасы 2002-2011 жылдар аралығында 69 млн. АҚШ долларына тең шығын көтерді. Ғалымдардың пікірінше, Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздыққа шалдыққан.

Қазақстандағы парниктік газдарының шығарылу көлемі адам басына шаққанда Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып қалуда. Климаттың әрі қарай жылуы қайтарымсыз нәтижелерге алып келуі мүмкін. Климат аймақтарының жылжуы нәтижесінде дәнді дақылдарды өндіру шарттары нашарлап, 2050 ж. қарай бидай өнімділігі екі есеге азаюы мүмкін. Климаттық қауіп-қатерлердің одан әрі өршуі салдарынан су ресурстарының жетіспеушілігі күшейе түспек. 2030 жылға қарай елдің суға сұранысы жылына 90 км3 көлемді қажет етсе, қол жетімді өзен суының жылдық көлемі 50 км3 құрайды. Климаттың өзгеруі сапалы ауыз судың тапшылығын, жұқпалы аурулардың таралуын, төтенше жағдайлардың ұлғаюын тудырып, адам денсаулығы үшін үлкен қауіп төндіреді.

Үшінші Ұлттық хабарлама Қазақстанда 1995 жылы ратификацияланған Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК) талаптарына сәйкес дайындалды. Осы Ұлттық хабарлама 2006-2012 жылдар аралығындағы 3, 4, 5 және 6 баяндамаларын қамтып, БҰҰ КӨНК-ның І қосымшасына мүше басқа мемлекеттердің Ұлттық хабарламаларының ұсыну мерзімдерімен үйлестірілді. Құжатта парниктік газдар шығарылындарын инвентаризациялау бойынша егжей-тегжейлі ақпарат, климат өзгеруінің түрлі сценарийлері, оның салдарын жұмсарту жоспары мен бейімдеу шаралары қамтылған. Климаттың өзгеруі бойынша ұлттық саясаттарды және іс-шараларды әзірлеуде негізгі ақпарат көзі ретінде Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне қолдау көрсетуге арналған бұл құжат БҰҰ КӨНК хатшылығына ұсынылмақ. Құжатты дайындауға мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, Назарбаев университетінің өкілдері қатысты. Климат өзгеруінің ықтимал сценарийлерін әзірлеу барысында сарапшылардың үкіметаралық тобы жаңа арнайы бағдарламаладың үлгілерін пайдаланды.

Шараның өткізілу күні және уақыты: 2013 жылдың 29 қарашасы, басталуы 9-30

Мекен-жайы: Сығанақ көшесі., 27, Soluxe Hotel Astana, Silk way  конференц-залы

Толық ақпарат алу үшін:

Ақпараттық қолдау жөніндегі сарапшы Есенеева Айгүл, тел/факс: +7 (7172) 90 16 69,

e-mail: ayesseneeva@mail.ru

ҚР ҚОСРМ баспасөз хатшысы Ғажайып Күмісбек, тел. +7 (7172) 74 08 83

e-mail: pressa.eco@mail.ru

 
0
417
0