Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
03:42, 28 ноября 2013

ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ  БЕКЕТІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Қызылордада жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Естеріңізге салсақ, 12 қараша күні таңға таяу қаланың Ақмешіт мөлтек ауданындағы «Гелиос» бекетіне белгісіз біреулер баса-көктеп кіріп келіп, 780 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап қашқан. Сол сәтте алдарынан кассир шығып қалып, әлгілер оны атып өлтірген.

Қызылорда ОІІД қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарының нәтижесінде сезікті үш адам ұсталып, олардың қылмысқа қатысы бар екені нақты дәлелдемелермен бекітілді. Айғақ заттар алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған оқиғаға байланысты күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 96 бабы 2 бөлігімен және  79 бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

 
0
220
0