Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:57, 25 ноября 2013

Қызылорда қаласының әкімі Алмас Өтешовке құрмет көрсетті

Алмас Өтешов
Қызылордада ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып оралған ауыр атлет Алмас Өтешовті ұлықтау рәсімі болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Сыр жастары — жасампаздық жаршысы» атты қала жастарының дәстүрлі IV форумында 2013 жылы Польшада өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешовті ұлықтау шарасы да жүргізілді», — делінген хабарламада.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлем чемпионатында қызылордалықтардың мәртебесін үстем етіп, патриоттық рух берген Алмас Өтешовке 500 мың теңге сыйақы берсе, Сыр жастарының атынан Қызылорда Студенттер альянсының көшбасшысы Жасұлан Алдабергенов «Сыр мақтанышы» номинациясы мен қала жастарының алғыс хатын табыс етті.

Өз кезегінде, Алмас Өтешов жоғары дәрежеде қолдау, қошемет көрсеткен қала басшылығы мен жастарға алғысын жеткізді.

 
 
0
278
0