Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:43, 25 ноября 2013

«Формула-1» автожарысында Себастьян Феттель қатарынан тоғыз рет жеңіске жетіп әлемдік рекорд орнатты

Себастьян Феттель
«Формула-1» автожарысына «Ред Булл» командасының атынан қатысқан Себастьян Феттель Бразилияда өткен қорытынды 19-шы кезеңде тағы да жеңіске жетті.

Ол осымен тоғызыншы рет қатарынан үздік саналып, жеңіс саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұл тұрғыда ол 2004 жылдан бері сақталып келген әйгілі Михаэль Шумахердің рекордынан асып түсті. Аты аңызға айналған М.Шумахер қатарынан жеті жарыста алдына жан салмаған болатын.

Автожарыстағы екінші және үшінші орындар Марк Уэббер мен Фернанду Алонсоның еншісінде.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
 
0
261
0