Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:52, 24 ноября 2013

2014 жылы Н. Эрич Қазақстан құрамасының сапында ойнауы тиіс

Ненад Эрич

Елордалық «Астана» клубының қақпашысы Ненад Эрич жуық арада Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін, деп хабарлайды «Sports.kz».

Естеріңізге сала кетейік, 31 жастағы серб қақпашысы өз отанында «Слога», «Раднички» (Крагуевац), ОФК, «Биг Бул», «Мачва», «Борац» (Чачак) клубтарында, ресейлік «Сибирь» (Новосибирск) және «Динамо» (Барнаул), қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және «Астана» сапында өнер көрсетті.

Еліміздің премьер-лигасындағы үздік қақпашылардың бірі саналатын Эрич ұлттық құрамаға шақыртылуы ықтимал. Бұл жағдайда Эрич Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Андрей Сидельниковпен бәсекеге түсетін болады.

   
0
158
0