Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:46, 22 ноября 2013

Әскери ынтымақтастықты нығайту жолында

Blog post imageТәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің «Әскери ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» белгісімен Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Ерлан Таласбаев наградталды.

Таяуда Мәскеуде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің бірқатар әскери қызметшілерін наградтады. Олардың ішінде ТМД ҚМК Спорт комитетінің төрағасы болып табылатын полковник Ерлан Таласбаев та бар.

Спорт комитеті –Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің Достастық мемлекеттері қарулы күштерінің дене даярлығы мен спорт саласындағы маңызды мәселелерді үйлестіру жөніндегі жұмыс органы. Спорт комитетінің жұмысы – дене даярлығы саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері спортшыларының қатысуымен олимпиялық, әскери-қолданбалы және техникалық спорт түрлерінен спартакиадалар, біріншіліктер, турнирлер өткізу, сондай-ақ оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
259
0