Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:25, 21 ноября 2013

Әділбек Жақсыбеков ТМД елдері Қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысты

Blog post imageБүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 65-ші отырысына қатысты.

Достастық елдері қорғаныс ведомстволарының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бірлескен жұмыстар барысында министрлер ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2013 жылғы қызметінің қорытындысын шығарып, келесі жылға жоспарланған ынтымақтастық шараларының негізгі бағыттарын айқындады. Отырыста ТМД-ға мүше елдердің әуе шабуылына қарсы біріккен қорғаныс жүйесінің 2014 жылға арналған бірлескен
іс-шаралары талқыланып, Достастық мемлекеттері әскерлерінің мүддесі үшін жедел геокеңістік ақпаратын алмасудағы ынтымақтастықты қарастырды. Сонымен қатар, әскери-техникалық және әскери білім саласындағы көптарапты ынтымақтастық бағыты талқыланды.

Сондай-ақ, отырыста жедел және жауынгерлік даярлық іс-шараларын тәжірибе түрінде іске асыру, террорға қарсы іс-қимыл саласына мамандар дайындауды ұйымдастыру және олардың біліктіліктерін арттыру мәселелері көтерілді. Әскери білім саласындағы ынтымақтастық шеңберінде Ресей тарапы Достастық елдерінің жоғары әскери оқу орындары арасында Олимпиада өткізу туралы ұсыныс жасады.

Мәскеудегі отырыс шеңберінде Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Украинаның Қорғаныс министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер кезінде қорғаныс ведомстоларының басшылары әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен оны дамытудың келешегін талқылады. Әділбек Жақсыбеков мемлекет басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа жаңаша тыныс беріп, өзара іс-қимылды тиімді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Украина әскери ведомстволарымен ынтымақтастығының нормативтік негіздерін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға екіжақты ынтымақтастық жоспарларына қол қойылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
152
0