Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:21, 20 ноября 2013

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери аэродромдарды жаңғыртуда

Blog post imageТалдықорған гарнизонындағы әскери аэродромның ұшу-қону жолағын қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстарының барысымен
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев танысып қайтты.

Өткен ғасырдың 70 жылдарының басында  пайдалануға берілген авиабазаны толық қайта құрылымдау тұңғыш рет жүргізіліп отыр. Жаңа ұшу-қону жолағына арнайы темірбетонды тақталар төселетін болады. Олар артық салмаққа төзімді әрі қауіпсіз болмақ. Сондай-ақ, оны пайдалану мерзімі де ұзаратын болады. Жөндеу жұмыстары процесінде жолақтың ені мен ұзындығы да ұлғаяды.

– Қорғаныс министрі авиабазалардың жағдайына барынша көңіл аударуда және барлық әскери аэродромдарға жаңғырту жүргізу туралы тапсырма қойды. Қосымша жөндеу мен эксплуатацияны қажет ететін әскери аэродромдардың барлық ұшу-қону жолақтары авиацияның заманауи талаптарына сай  қайта өңдеуден өтуі керек. Себебі, бұл әскери аэродромдардың ұшу-қону жолағына истребительдер, шабуылдаушы ұшақтар, бомбылаушы және көптонналы көліктік ұшақтар қонады, – деп атап өтті генерал-майор Бағдат Майкеев. Ол, сонымен қатар, жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтардың ұдайы әзірлігін қамтамасыз ететін аэродром жолдарының сапалы құрылысының стратегиялық маңызын да атап өтті.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары ҚР ҚК Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасының бастығы полковник Ильдар Гиниатулинге құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырды. Жүргізілген жұмыстардың сапасына көңілі толатынын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай «Талдықорған» аэродромы қайта жөндеуден өткен соң Қазақстан әскери әуе күштері әскер тегінің жауынгерлік қабілеті мен мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін арттыратын жаңа құралдармен жарақтанған заманауи аэродромға иелік ететін болады. Аэродромдар желісін жөндеуге мемлекеттен бөлінген қаражат ұшу қауіпсіздігі мәселелерін нығайту мәселелеріндегі маңызды бағыт болып табылады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
164
0