Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:35, 19 ноября 2013

Жылдың соңына дейін ауыз сумен жабдықтаудың 11 нысаны енгізілуде — Н.Қаппаров

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-3/

Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірлерде ауыз сумен қамтамасыз етудің 11 нысаны енгізіледі, деп хабарлады қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров ҚР Үкіметі отырысында.
"Ұзындығы 563 км болатын ауыз сумен жабдықтаудың 11 нысаны пайдалануға берілуде, бұл 91 ауылда және 4 қалада сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді", - деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, келесі жылы ұзындығы 607 км болатын сумен жабдықтаудың тағы 11 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
"Осылайша, халық саны 83 мыңнан астам адам болатын 201 ауылда және халық саны 397 мың адам болатын 5 қалада сумен қамтамасыз ету жақсартылады", - деп атап өтті Н.Қаппаров.
Сонымен қатар, ол ҚОСРМ 2040 жылға дейінгі су ресурстары бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірлегенін хабарлады. Қазір бұл бағдарлама мемлекеттік органдарда келісімнен өтіп жатыр.
0
237
0