Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:58, 18 ноября 2013

«Барыс» бүгін сырт алаңда «Лев» командасымен кездеседі

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Лев» (Чехия, Прага) командасымен кездеседі.

«Левтың» Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп бола қойған жоқ. Сол себепті осы уақытқа дейін екі команда екі-ақ рет кездескен. Екеуінде де «Барыс» жеңіске жетті. Бірінші ойын 4:2 есебімен аяқталса, екінші матчта Астана қаласының хоккей клубы өз қарсыласынан 5:1 есебімен басым түскен. Лиганың жалпытурнирлік кестесінде «Барыс» (56 ұпай) үшінші орында тұрса, «Лев» (42 ұпай) он бірінші орында келеді.

Айта кетейік, кеше «Барыс» хоккей клубының ресми сайтында бүгінгі ойын түнгі сағат 00:00-де басталады деп берілді. Содан кейбір түсініспеушіліктер де орын алды. Ойынның уақыты нақтыланды. «Барыс» пен «Лев» арасындағы матч түнгі сағат 23:55-те басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.

АСТАНА.   ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
133
0