Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:57, 18 ноября 2013

«Сарыарқа» Саратов командасын ойсырата ұтты

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Кристалл» (Ресей, Саратов) командасын ойсырата ұтты. Есеп — 5:0.

Матчтың бірінші кезеңінде «Сарыарқаның» хоккейшілері қарсыластың қақпасына үш бірдей шайба салып, алға шықты. Екінші кезеңде Константин Макаров дубль жасаса, үшінші кезеңде Кирилл Лебедев қарағандылық клубтың басымдығын ұлғайтты. Бұл ойында алғашқы шайба бір ойыншыға артық құрамда соғылды. Ал қалған төртеуін «Сарыарқа» тең жүріп, сала білді. Қорытынды есеп — 5:0.

Осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 40 ұпаймен жетінші орнын сақтап қалды. Ал «Кристалл» хоккей клубы он алтыншы орынға сырғыды

 
0
229
0