• 19515
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алты тілді меңгерген қандасымыз «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды

АЛМАТЫ. 18 қазан. BAQ.KZ - Азаттықтың аң таңы Алаш жұртын ғана ақ жарма қуанышқа бөлеп қойған жоқ. Қазақ елінің тәуелсіздігін естіген алыстағы ағайын да бөрігін аспанға атты. Сөйтті де егемен елге дүркірей көшті. Осыдан 20 жыл бұрын Моңғолиядағы көшті Атажұртқа бастаған қазақ зиялыларының қатарында халықаралық журналист, саясаттанушы Досан Баймолда ағамыз да бар еді. Жақында Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған мерейтой кезінде Досан Баймолда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. Ұстамы жақсы ұстазды біз де әңгімеге тартқан едік.


– Досан аға, әңгімемізді туған жер, өскен ортаңыздан бастасақ?

 

– Мен Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туып өстім. Сол жерде қазақ орта мектебін бітірдім. Менің жастық шағым Кеңес дәуіріне тұспа-тұс келді. Ол кезде Моңғолия мен Кеңес үкіметі тығыз достық байланыста болды. Яғни, мен оқыған Баян-Өлгей аймағындағы №1 қазақ орта мектебінің оқыту бағдарламасы толықтай Қазақстан бағдарламасы еді. Біз осы Алматы қаласындағы №12 қазақ орта мектебінің бағдарламасымен бірдей оқыдық. Өзімді Қазақстаннан оқулықтарынан нәр алып, сусындаған қазақ азаматтарының қатарындамын деп есептеймін. 1973 жылы осы қазақ орта мектебін өте жақсы нәтижемен бітіргенім үшін мені Моңғолия үкіметі моңғол балалармен бірге Польшаға оқуға жіберді. Варшава университеті мен Мария Склодовская-Кюри атындағы университетте қатар оқып бітірдім.

 

– Ол жақта қандай кәсіп бойынша мамандандыңыз?

 

– Физика мамандығы бойынша 1983 жылы магистратураны бітірдім. Сол жылы Моңғолия еліне қайттым. Сөйтіп Моңғолияның Ғылым академиясында 12 жыл қызмет істедім. Кіші ғылыми қызметкерден аға ғылыми қызметкер, лаборатория жетекшісі, МАГАТЭ және ЮНЕСКО-ның халықаралық жобаларының жетекшісі сиқты қызметтерді атқарып тұрған шақта Қазақ елі тәуелсіздігін жариялады, егемендігін алды дегенді естіп жүрегім толқып жұмысымның барлығын қалдырып Атамекенге көшіп келдім.

 

– Сонда Атажұртқа көшіп келген алғашқылардың қатарына өзіңіз де болдыңыз ғой?

 

– Иә, дұрыс айтасың. Атажұртқа көш бастаған қазақ зиялыларының қатарында болдық. Әрине, мен бұл жерге шен алайын деп келмедім. Жүрегімнің толқығаны соншалық, қолыма таяқ ұстатып мал бақтырса да, күрек ұстатып егін салдырса да риза едім. Бірақ үлкен тебіреніс, толқумен келген мені ел жағдайы қуанта қоймады. Советтік жүйенің «қиянатын» көріп жүрегім суына бастады. Бұл жердегі шен-шекпенділердің барлығы ұлт үшін шын күйінетін өзіміздің қазақ емес басқа ұлттың өкілдерінен екені көңілге кірбің ұялатты. Қазақтардың өзі қазақтығынан ажырап, рухани жақта кедейленгенін көріп, бірнеше жыл шетке кете тұруды шештім. Сөйтіп, 1993 жылы Чехия еліне кеттім. Ондағы Чехия техникалық университетіне докторантураға қабылдандым. Үш жыл сол елдің степендиясын алып оқуымды тауысқан соң да бұл жақтағы ғылым жағдайы оңала қоймады. 1996 жылдары Қазақстандағы жағдай қиындау болатын. 1995 жылы Мюнхендегі «Азаттық» радиосы Чехия астанасы Прага қаласына көшіп келді. Олар келген бойда қазақ редакциясын жаңартуды бастады да маған қолқа салды. «Қазақшаңыз да тамаша, дауысыңыз да дайын диктордың дауысы, бірнеше тіл біледі екенсіз» деп мені жаңадан көшіп келген қазақ редакциясына кеңесші болуға шақырды. Сөйтіп, «Азаттықта» табаны күректей 12 жыл қызмет істедім. 7-8 жылдай Прагадағы бөлімінде кеңесші, редактор, кейінгі 5 жылында Алматыдағы «Азаттықта» тілшісі болып қызмет атқардым.

 

– Басқа салада маманданған сіз үшін тосыннан келген журналистиканың жүгін көтеру қиын болған жоқ па?

 

– Қазақы тәрбиеде өскен мен үшін журналистиканың жоғын жоқтасу аса қиынға соққан жоқ. Жұмыс істей жүріп жетілдім. «Азаттық» радиосында қызметшілерге жылына кемінде бір-екі рет оқу-жаттығулар өткізіп тұрады. Онда Америкадан келген білікті журналистер, BBC-дің арнайы мамандары екі-үш апта көлемінде теориялық жағынан жаттығулар өткізеді. Прагадағы жаттығулардан тыс мен 2000 жылы Американың Вашингтон қаласында өткен тренинг жаттығуға барып қайттым. Бішкек қаласында өткен Орта Азия елдері бойынша «Азаттық» радиосының бюросында қызмет істейтін журналистерге арналған тағы да үлкен жаттығу болды. Осылайша жұмыс барысында журналистиканы да жетік меңгердім.

Журналистиканың қыры мен сырына қаныққан соң өз тәжірибелерім негізінде кітаптар мен оқу құралдарын жаза бастадым. Қазірге дейін журналистикаға қатысты 8 кітабым жарық көрді. Екі кітабым «Азаттық» радиосы туралы болса, «Қазақ тілінде хабар тарататын шетел радиолары», «Қазақ публицисттері», қазақ радиосының 90 жылдығына орай жазылған «Қазақ радиосы» атты кітаптарым қазір студенттер мен магистранттардың қолынан түспейтін оқулықтардың қатарында.

 

– Физика саласы бойынша қандай табыстарға жете алдыңыз?

 

– Менің докторлық диссертациямның тақырыбы «Көмір кені ішіндегі улы элементтерді ядролық физика әдістерімен анықтау» болды. Осы тақырып негізінде ғылымға жаңалық енгіздім деп есептеймін. Қазекем көмірді жаққанды жақсы білеміз. Алайда оның жанбайтын бөлігінің, яғни күлдің адам денсаулығына кері әсері бар екенін біле бермейміз. Күлдің радиация шашатын улы элементтері болады. Ол адамзат өміріне өте зиянды. Дамыған мемлекеттерде көмірдің құрамын алдын ала зерттеп отырады. Ал Азия елдерінде әлі зерттеле қойған жоқ. Осы тұрғыдан мен көмірді жақпай тұрып жылдам анықтайтын ғылыми әдісті Чехия ғалымдарымен бірге ашып, Чехияның және Моңғолияның бірнеше шахталарында өндірістік тәжірибе негізінде жүзеге асырдық. Көмір жанғаннан кейінгі қалдықтардың бір ауылдың экологиясына кері әсері нақты білінбесе де, ірі электр станцияларды салынған кездегі қала тұрғындарына тигізер кері әсері аса қауіпті. Сондықтан көмірді жақпай тұрып оның құрамындағы улы элементтерді анықтау керек. Қазақстанға бұл әдісті қолдана қойған жоқпыз. Бірақ мен ғылыми жұмысым негізінде былтыр Павлодар университетінде қазақ тілінде монографиялық кітап шығардым.

 

– Қазіргі кезде қай сала бойынша көбірек еңбек етіп жүрсіз?

 

– 2008 жылдан бастап радиоға рахметімді айтып ұстаздық жұмысқа қарай ауыстым. Қазір Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университеті журналистика кафедрасының меңгерушісімін. Осы университет мені жұмысқа шақырды. «Халықаралық журналист екенсіз, көргеніңізді, тәжірибеңізді балаларға үйретсеңіз» деген соң Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіндегі Журналистика факультетінде де сабақ беріп жүрмін.

 

– Бір қанша тілді жетік білетін боларсыз?

 

– Мен 6 тілді жетік меңгердім. Ана тілімізден тысқары моңғол, орыс, ағылшын, поляк, шех тілдерінде сөйлеймін.

 

– Өзіңізден тәлім алатын ұстамы жақсы ұрпақтар көп болсын! Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 
18 ноября 2013, 16:20
704

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5429
  • 7
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 4563
  • 43
Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Только я дождался премьеры, как вдруг её отменяют. Откровенно говоря, у меня нереально бомбит от всего этого. Я, как и многие, очень люблю Дисней и его картины, и не против того, что они стали...
MrVladimirLV
17 марта 2017 / 16:03
  • 4193
  • 62
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки моя слабость наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 3865
  • 28
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3081
  • 69
Что скажите о таком поведении? Той-не той, а мен крутой гой

Что скажите о таком поведении? Той-не той, а мен крутой гой

Это вообще что такое? Такой подарок молодым? Вот бытует мнение, что винят ведущего, кто-то говорит о людях. Я вообще такого не понимаю. Хотелось бы узнать ваше мнение, потому что я провел огромное...
fima
17 марта 2017 / 18:07
  • 2383
  • 12
Здесь никто не спросит: «Кушал ли я сегодня?». Опыт жизни в Дубае

Здесь никто не спросит: «Кушал ли я сегодня?». Опыт жизни в Дубае

Соседки в "апарте" были индианки и пакистанки, и я рада им, так как не уверена, что девочки из СНГ, с которыми кстати я сейчас живу на Шеринге, хоть раз спросили бы меня: "Кушала ли я?"
Sarasetek
17 марта 2017 / 18:03
  • 2201
  • 21
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Что известно о Кариме Баратове, казахском хакере, арестованном в Канаде

Что известно о Кариме Баратове, казахском хакере, арестованном в Канаде

Департамент юстиции Соединённых Штатов Америки провёл расследование кибератаки на поисковик Yahoo, которая произошла 3 года назад и по результатам которой было взломано больше 500 миллионов УЗП.
Seattle
17 марта 2017 / 18:32
  • 2173
  • 18