• 19197
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Адастырмаған арман

«Армансыз адам қанатсыз құс». Адам баласын алыс сапарларға аттандырып, биік шыңдарға шығуға жетелейтін осы арман екен. Сапар алыс немесе жақын болуы, сәтті де, сәтсіз де аяқталуы мүмкін. Шыңға шығар жолдың қиын қиялары мен бұта-бүргенсіз жазықтары да жетерлік сияқты, байқағаным. Қандай болғанда да сол арманға талпыныс төзім мен қайраттан, ыстық махаббаттан айырыла алмайтынына көзім жетті. Онсыз арман дегенің құр далбаса, нүктесіз бос қиял деп айтар едім сұрағанға.

Мен де кішкентайымнан жан-жағыма еліктеп, биіктерге қолымды созып өстім. Есейе келе мені мазалайтын сұрақтар да көбейді. Мен қазақпын, бірақ мен не үшін Қазақстанда туылмадым, не үшін онда тұрмаймын? Қазақстандағы қазақтармен біздің арамыз неге сонша алыс? Теледидардан көргенімде олардың киім киісі мен сөйлеу мәнері де бізден басқаша болатыны қалай? Сол қазақ жерінде туылмасам да сонда барып тұрсам ғой. Олар бізден алыс болса да үлкен болғанда барамын. Мұхтар Шаханды, Фариза Оңғарсынованы, Роза Рымбаеваны өз көзіммен көретін күн туса деп қиялдадым. «Қыз Жібекті» көріп Жібектің дауысына салып та сөйлеп көрдім. Бірақ арманым онымен орындалар түрі жоқ. Осылайша сансыз сұрақтардан менің асыл армандарымның бірі туындай бастады. Жылдар жылжыған сайын оның мәнін де түсіне бастадым. Түсініктерім арманыма жетуге асықтырып, талпыныстарды туғыза бастады. 8-сыныпта жүріп-ақ кирилл әліпбиін үйрендім. Қолыма түскен кириллицада жазылған кітаптарды оқи бастадым. Ол орысша ма, қазақшама шаруам болмады, оқи беремін. Әрине орысшаны түсінбеймін. Әріптерді шатастырмай оқу – мақсатым. Интернетке амалын тауып барып қалсам Қазақстанның сайттарын іздеймін. Ол кезде интернет клубқа тек қана «жаман» балалар барады, түсінігімізде. Қазақ елінің қазақтары мен тұрымыс-тіршілігі, таңғажайып табиғаты, бәрі-бәрі мен үшін сырлы, қызықты болды да тұрды. Одан бері 10 жыл өте шықты. 
Осыларды жазып отырғанымда ойыма Қазақстан Республикасының егемен ел болғанына 21 жыл болғаны оралды. «Осы азат елдің азаматы қатарында мен бармын. Мен қазақстандықпын! Мен қазақпын!!!» деген мақтаныш кеудемді кере бастады...
Қазақстанның алыс емес екенін түсіндім. Бірақ оған жету сапарым алыс та, қиын болды. Ата-анамның жалғыз қызы болғаннан гөрі біреудің көп ұлының бірі болсамшы деп те өкінген күндерім болды. Неге осы университетке оқуға түсіп кеттім екен, оданда түспей қалды деген сылтаумен Қазақстанға кетіп қалсам болмас па еді? Сауалдар санадан арылмайды. Қазақстанға деген ыстық махаббатым күн өткен сайын жалындай түсуде. Дамыған аждаһа Қытайдың ештеңесі де қызықтырмады. Күн де жетті қолды бірақ сілтейтін. Ештеңеге қарамадым. Оқулықтар мен кітаптарға толы сумкамды әзер көтеріп шекарадан өтіп келе жатырмын. Жалғыз. 5 жыл бұрын. Алғаш маған құшағын ашқан әсем қала Алматы болды... 
Бала шақтан мазалаған арманның себебі не екенін уақыт өте келе түсінгендеймін. Қайда барсаң да алдыңнан шығатын қазақтар. Автобустың жүргізушісі мен кондукторы да ана тілімде тіл қатады маған. Көше аттары қалай тамаша, барлығы дерлік қазақ ұлыларының атымен аталады. Базарларға барсаңыз, дүкендерге кірсеңіз қазақша әндер еріксіз елітіп әкетеді. Ұлт ретінде кемел болашаққа ұмтылатын жаңа бір арман жетелеп келеді енді. Өзіңді қазақ деп шынайы сезініп, сақтап қалған ұлттық рухыңды емін-еркін дамытуға мүмкіндіктер болғаннан артық бақыт жоқ екен. Мен соған ұмтылыппын. Осыған ұмтылған, мен кешкен бақыт бұйырмай Қытайда жүрген қазақ қаншама?! Бір шаңырақтың астына жиналғанды аңсайтын ағайын өзге елдерде де толып жүр. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді ата-бабамыз тегіннен тегін айтпаса керек. Қазақ еліндемін. Өмірімнің соңына дейін қазақ үшін қызмет етерім анық. Ертең балаларым да осында болады. Ол қазақша тәрбие алып, қазаққа қызмет етеді. Әрине, Қазақстандағы білім беру мен тіл саясаты өз жалғасын адаспай тапса. 
Бұлай айтуымда да мән бар. Қазақ азат болғанына 21 жыл болды. Ол тәп-тәуір уақыт. Әрине, тарих қойнауына жасырып жіберсек түкке тұрмайды да. Бірақ, 21 жыл бір адамның ғұмыры болуы мүмкін. Кемелденген жастың ата-ана атанып, ұрпақ тәрбиелейтін сәті. Егеменбіз. Ерен елміз. Білімділігімізбен, біліктілігімізбен әлемге танылып жатырмыз. Кереметімізбен төрткүл дүниені жалт қарата да білдік. Алайда, ана тілінде сөйлей білмейтін, ұлттық мәдениетті жабайылыққа балайтын, дәстүрлі дініміздің берекесін қашырған қарттардың емес, жастардың қатары 21 жылды өткерген қазақтың жерінде азаймай отырғаны ызаға булықтырып, ашындыратынын айта кетпесем болмас. Қазақша сөйлесең орысша жауап береді. «Қазақсың ба?» десең беттері бүлк етпестен «чистый казакпын» деп кердеңдейді. Олардың бұндай тағдырына кім кінәлі? Қоғам ба, ата-ана ма, мектеп пе? «Жүректеріне әмір жүрмейтін» дүбара ұлт болуға бел байлады ма, әлде? Қырықтың қырқасындағы азамат Совет Одағының «солақай» саясатының салқыны сейіле қоймағандығын көлденең тартады. 21 жыл ғұмыры босқа өткен «асыл» азаматтарымызды түсінейік. Бес жастағы былдырлаған қазақ баласының ана тілінде ауыз аша алмайтынын көргенде түсінуге шамаң жетпейді екен. Еліміздегі жолға қойылған салиқалы саясатымыз жүзеге жүз пайыз асып, кемелдене түсетін болса бәрі де оңалар деп сендірейік өзімізді.
Қытайдағы қазақ арманына жете алмай жүр дедім. Оларда төзім мен қайрат, ыстық махаббат жоқ па? Бар. Ертеңін ойлаған естілерінің кеудесін барған сайын осы үшеуі керіп бара жатыр. Жасырары жоқ. Қасында ата-анасы қазақша сөйлеп жүрсе арланатын ұрпақтар тобы өсіп келеді. Білім сапасы мен техниканың ұшқырлығына көз жұма алмаймын. Сауаттылығынан сағы сынбаса да, ұлтының қандай екенін, қандай болғанын сезінбей өскен жеткіншек болашақта өзін кіммін деп есептейді? Талап солай. Қытай тілін еркін меңгермеген өзге ұлт қолына таяқ қана ұстап бес қойының артынан еруге мәжбүр. Қайдам? Сол бес қой да, бес қойды бағатын жер де жоқ қазіргі Қытайдағы қазаққа. Кең көсілген жайлауға қош айтқан. Таулы өңірдегі жасыл желек жамылған жайлаулар саяхат орындарын ашу үшін мемлекетке қайтарылған қазақтар тарапынан. Ауылдарға зауыттар мен фермаларды салып жатыр. Мысалы, өзім туып өскен ауылдың қасындағы 2-3 шақырым жерде уран, қорғасын өндіретін зауыт бой көтеріпті. Одан шыққан ыс пен түтін айналасындағы адамдардың орташа ғұмыр жасын 35-тен асырмайтын көрінеді. Ішкі Қытайға сыймаған халқын ең кең провинция Шыңжаңға көшіруді бастағалы да бірнеше жыл болған. Осы жағдайды көріп-біліп отырған қазақ баласын қалай қытайша оқытпасқа. Қазақ мектептерінің қос тілді мектептерге айналғанына да 2-3 жыл өте шықты. Қазақтықтан айырылғысы келмейтін қазақтың баласы осы күйді кеше бастаса, олардың ұрпақтары кім болып қалмақ? 
Бұл әңгімеден кейін Қазақстанға отандастарымыздың оралып жатқан себебін білуімізге болады ғой. Асыл армандарын арқалап келген топтың ішінен әрқашан өзімді көре алатыныма қуанамын. Дүние жүзіндегі бүкіл қазақ осы қуаныш пен бақытты толық сезінетін күн туғанда ғана Қазақ елі ештеңеге алаңдамайтын болар, мүмкін!

 

Автор: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

18 ноября 2013, 14:43
429

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 29786
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 8521
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4973
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3815
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3806
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3486
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 янв. 2017 / 11:11
  • 3300
  • 24