Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:22, 18 ноября 2013

Думан Жақыпұлы: Үрімжі мектептері қос тілді балабақшаға зәру

ҮРІМЖІ. 18 қыркүйек. BAQ.KZ - Үрімжі қаласындағы қандастарымыздың қытай-қазақ тілінде бірдей бала тәрбиелейтін балабақшаға зәру екенін ең алғаш «Сен-Қазақ» (www.senkazakh.com) сайтынан байқаған едік. Кейіннен осы сайттың жауаптысы, қос тілді балабақша ашу жолында көп жұмыстар жасап жүрген азаматтардың бірі Ақытбек Шеризатұлымен де осы мәселе төңірегінде сөз болған-ды. Сол әңгімемізді бүгін «Шыңжаң қоғамдық ғылымдары» журналы бас редакторы, балабақша ашу бастамасының тағы бір қолдаушысы Думан Жақыпұлымен болған сұхбатымызда толықтай түспекпіз.

Blog post image

– Үрімжі қазақтарының қос тілді балабақшаға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатымен қатысты орындарға тұрғындар талабын жеткізуді ең алғаш кім, қашан қолға алды?
– Мыңға жуық қазақ қоныстанған Шыңжаң орталығы Үрімжі қаласынан қос тілді балабақша ашу туралы ой Үрімжідегі жастар арасында бірнеше жылдан бері айтылып, шешуін таппай келе жатқан маңызды мәселенің бірі. Бұл туралы ең алғаш үш жылдың алдында қызметтесім Есбол Шаймарданұлының үйінде қонақта отырғанда талқыладық. Ол кезде Есбол мен әйелі Күнай «Сен-Қазақ» сайтының жетекшілері еді. Арамызда сол кездегі «Сен-Қазақтың» белді белсенділерінен Ерлан Мазанұлымен қоса бірнеше журналист достарымыз болды. Бірақ ол кезде билікке талап ету туралы емес, қазақша балабақша ашудың зәрулігі жайлы, егер ашылса оқитын баланың сөзсіз көп болатыны әңгіме болды. Жеке балабақша ашсақ деген азаматтардың бар екенін де тілге тиек еттік. Алайда, ашқан адам болмады. Өткен жылдың қазан айынан бастап «Сен-Қазақ» порталында бұл тақырып қызу талқыға түсті. Бұл мәселе төңірегінде сайт арқылы барша оқырманға ой салуға және қатысты ақпараттарды жинауға бас болған азаматымыз «Сен-Қазақтың» жекекшісі Ақытбек Шеризатұлы болды. 
Іле-шала көптеген азаматтар үн қосып, қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында Үрімжі қаласынан қос тілді бала бақша ашудың мұқтаждығы жайында мақалалар іркес-тіркес жариялана бастады. “Үрімжіліктер бірігейік!» деген тақырыппен ата-аналарды, тиісті орындарға өтініш қылуға немесе жеке балабақша ашу жұмысын қолға алуға шақырдым. Көп өтпей «Шыңжаң» газетінде осы мәселені көтеріп мақала жазған Ғұлнура Қоңырбайқызы, Ақытбек Шеризатұлы үшеуіміз кездесіп ақылдастық. Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс жасайтын он шақты азаматпен бас қосып, ең алдымен «Үрімжі қаласында тұратын қазақтардың қос тілді балабақшаға болған сұранысын тексеру» деген атпен қазақша-қытайша сауалнама тараттық. Екі апта ішінде мыңнан астам адамның пікіріне қол жеткіздік. Сауалнаманың нәтижесін қорытындылап қатысты орындарға арыз жаздық. 
– Сауалнаманың қорытындысы қалай болды?
– Сауалнамаға жалпы 1005 адам қатысып, оның 893-і, яғни 89 %-і қытайша-қазақша балабақша керек дегенді таңдаса, 101 адам бейтарап көзқарасты ұстанды. Ал, 5 адамға қос тілді балабақша керек емес болған. Оның ішіндегі оқу жасындағы балалары бар 415 отбасының 400-і балабақшаның тез арада ашылуын қалаған. 
– Осы жұмыс қолға алынғаннан бері қандай кедергілер және оңына басқан тұстары болды?
– Бұл жұмыс сайт арқылы басталып, белсенді қазақ журналисарі жеке бас болып қолға алынғандықтан арызымызды қабылдаған тиісті орындар «қандай ұйым немесе мекеме жағынан ұйымдастырылып жатыр» деген сұрақтарды жиі қойды. Осының әсерімен біз «Қазақ мәдениет қоғамының» «Жастар тобы» болып құрылдық. 
– Сонда қазір бұл мәселе «Жастар тобы» тарапынан көтеріліп жатыр ма? Қандай шешімін тапты?
– Қазір бұл мәселе бойынша уақытша ешқандай орынға бармадық. Бірақ, жұмыстарымызды тоқтатпадық. 6 тамызда “Шыңжаң мәдениет қоғамының» «Жастар тобы» болып ресми құрылдық. Бұл топтың құрамына 16 азамат тіркелген. «Жастар тобының» алдағы жоспарымыз осы қазақша-қытайша қос тілді балабақшасын құру болмақ. Болашақта біздің топтың қазақ мүддесіне қатысты қыруар жұмыстарды істейтініне сенімдімін.

Әңгімелескен: Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

0
523
0