Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
00:32, 14 ноября 2013

«NUR.KZ» ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ДҮНИЕЛЕР!

«Nur.kz» интернет-порталы соңғы 3 күн ішінде бірнеше рет «БАҚ туралы» заңға қайшы келетін материалдар жариялаумен әлек. Заңға қайшы дегенім, аталмыш заңның 13-бабында: «…есірткі, психотроптық заттар мен прекурсор­ларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, … порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды… тарату өнімнің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.» делінген. Ал «Nur.kz» порталы болса, осы заңды ескермей адамның санасын улайтын ақпарат таратуда.

Нақтырақ айтсақ, 12 қараша күні аталмыш сайтта «10 людей, ставших каннибалами случайно или поневоле» деген атаумен фото-репортаж шықты. Түсінікті болуы үшін айта кетейін, каннибал деп адам етін (жалпы адам ағзасының мүшелерін) жейтіндерді айтады. Мына материал сол «адам жегіштерді» насихаттап отыр.

Blog post image


Репортаж барысында адамдар каннибализмге қалай келгені туралы бірқатар ақпараттар келтірілген. Кейбір суреттерді жас балдар түгілі ересектерге де көрсетуге болмайды, өйткені бұл адамның психикасын бұзады. Дегенмен, ойымның дәлелі ретінде сол суреттердің бірін жариялайын.

Blog post image

Материалды қанша адам оқығанын білмеймін, бірақ осы уақытқа дейін 43 пікір жазылыпты.

Blog post image

Бәліштің арасынан адам саусағы табылғандығы жайлы факт келтірілген. Осыдан соң бәлішті жегенде адамның ойына не келуі мүмкін?

Материалда осы тектес суреттер де, фактілер де өте көп. Айтарым, мұндай ақпаратты тарату адамның психикасын бұзып, бейсаналы деңгейде зорлық-зомбылық жасауды насихаттайды.

 

Дәл осы күні, яғни 12 қарашада екінші бір фото-репортаж жарияланды. «Пьянство среди студенток» деп аталатын мақала бастан-аяқ алкогольдік өнімдерді тұтынуды насихаттайды. Байқасаңыздар, жоғарыда аталған 13-ші бап бойынша бұл да тиым салынған, өйткені алкоголь өнімдері есірткі заты болып саналады.

Blog post image

Blog post image

Осымен шектелген болар деп үміттеніп жүр ем, үмітім ақталмады. Кеше, яғни 13 қараша күні тағы бір «улы» мақала жарыққа шығыпты. «18 шедевров рекламы безопасносого секса» деп аталған фото-репортажға қазірдің өзінде 66 пікір жазылған. Материал порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипатта екені айдан-анық. Заңды бұза отырып, мен де бір-екі суретін мысал ретінде жариялайын, сөзімнің дәлелі ретінде.

Blog post image

Blog post image

Қалай ойлайсыздар? Қазақстанның заңнамасын бұзып отырған сайтқа қандай шара қолдануға болады? Кімге хабарласу керек? Не істей аламыз?

Мұндай бассыздыққа жол беруге болмайды!

Өтініш! «Суретті қою арқылы, өзің де насихаттап отырсың ғой» деп айыптамаңыздар, мен айтар ойым дәлелді, әсерлі болсын деген оймен қойып отырмын, реті келгенде өшіремін.


0
781
0