место в рейтинге
  • 106384
  • 6
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстан дінтанушыларының «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Үшінші Форумы болып өтті.

2013 жылдың 13 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан дінтанушыларының «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Үшінші Форумы болып өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі қазақстандық дінтанушы ғалымдар, теологтар, орта мектептердің «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Қазақстан дінтанушыларының жыл сайынғы Форумы биыл пленарлық отырыстан басталып, онда Форумның негізгі тақырыбы талқыға салынды. Одан кейін төрт секциялық отырыс жалғасын тауып, онда зайырлы мемлекеттегі діни саясаттың маңызды мәселелері қозғалды.

Форумда Қазақстан Республикасы Әкімшілігі Жетекшісінің Орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілханов құттықтау сөз сөйлеп, өз баяндамасында зайырлы мемлекеттегі діннің рөліне басым назар аударды.

Сондай-ақ, пленарлық отырыста «Дінтанушылар конгрессі» ҚО Төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының меңгерушісі Ғарифолла Есім «Қазіргі замандағы діни ахуал және зайырлы мемлекеттегі дінтанушылардың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, Парламент Мәжілісінің Депутаты Қамал Бұрханов Қазақстандағы діни толеранттылық жайында айтты.

Форумның мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша бірігіп қызмет етуге елдегі отандық ғылыми және сарапшылар қауымдастығының назарын аудару, жалған діни ағымдардың, сондай-ақ, экстремизм мен терроризмнің ықпалын төмендету факторы ретіндегі дінтану білімінің сапасын жоғарылатудың инновациялық жолдарын анықтау, діни ағарту мен халықтың діни сауатын көтерудегі білім беру жүйесінің орны мен рөлін табу және анықтау болып табылады.

«Зайырлы мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыру: аймақтық тәжірибе және проблемалар» атты бірінші секцияда елдегі конфессияаралық тұрақтылықты сақтау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде туындайтын күрделі мәселелер талқыланды.

«Қазақстанның зайырлы оқу орындарындағы дінтану негіздерін оқыту сапасын арттыру: әдіснамалық және практикалық аспектілер» атты екінші секцияда дінтану негіздерін орта және жоғары оқу орындарына маңызды оқу пәндерінің бірі ретінде енгізу жолымен жастар ортасында діни сауаттылық деңгейін көтерудің рөлі мен маңызы талқыға салынды.

«Зайырлы мемлекеттегі діни радикализмнің алдын-алу әдіснамалары» атты үшінші секцияның қатысушылары діни радикалды ағымдардың қызметтеріне қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ қоғамда пайда болатын қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау тетіктері мен оларды шешу жолдарын ортаға салды.

«Қазіргі Қазақстан аумағындағы исламның тарихы» атты төртінші секцияда Қазақстан үшін дәстүрлі болып табылатын сүнниттік исламның ханафи мәзһабын қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын есепке ала отырып насихаттау қажеттігі жайында айтылды.

Биыл тұңғыш рет Қазақстан дінтанушыларының форумында Дінтанушылар конгрессі құрмет грамоталарымен және жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары мен мектептердің «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері естелік сыйлықтармен марапатталды.

Форумдағы басты оқиғалардың бірі – «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталының тұсаукесері болды. ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілханов бұл портал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ислам ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің 38-ші отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында дайындалғанын айтты. «Е-Islam» ғаламтор-порталы көпшілік қазақстандық аудиторияға Қазақстандағы ислам туралы толыққанды ақпарат беруге арналған.

Одан кейін ҚР Дін істері агенттігінің Ақпараттық-консультативтік орталығы жанында қызмет ететін «Қауырт желі – 144» жобасының да таныстырылымы өтті. Бұл жоба Дін істері агенттігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты – азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпараттарды қабылдау, сонымен бірге, деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге консультациялық және психологиялық көмек көрсету балып табылады. Азаматтар «Қауырт желінің» 114 нөміріне Қазақстанның барлық аймағынан тәулік бойы қоңырау шала алады.

Орталықта кәсіби психологтар, заңгерлер, дінтанушылар жұмыс жасайды. Кеңес беру тегін әрі құпия түрде жүргізіледі.

 
АДР РК DinGovKz
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
13 ноября 2013, 18:39
406

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Обратная сторона Астаны. Девять худших и проблемных районов столицы Казахстана

Несмотря на то, что Астана столица, и один из самых красивых и современных городов Казахстана, здесь все равно есть места, за которые стыдно и даже как-то неудобно перед гостями.
Washington
12 янв. 2017 / 12:25
  • 20657
  • 26
Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Расписание Универсиады в Алматы. Что стоит посетить?

Путеводитель по соревнованиям Универсиады с рекомендациями, какие соревнования Универсиады никак нельзя пропустить. До встречи на Универсиаде!
olympic
11 янв. 2017 / 10:40
  • 18652
  • 7
Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Господин министр, что означает ваша фраза «Хорошо, не открывайте, мы найдем другой способ проверить»?

Это что, совет? Рекомендация? Или это угроза? Чего нам ждать? Чего нам бояться? Мы – законопослушные граждане Республики Казахстан, мы ЗА ужесточение законодательства в части борьбы с терроризмом, но при этом...
AliyaSadyrbaeva
10 янв. 2017 / 21:02
  • 15960
  • 32
Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 13897
  • 12
«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

«Ещё раз на те же грабли». Премьер Сагинтаев о временной регистрации

Казахстанцы по-прежнему с нескрываемым возмущением и сарказмом комментируют нововведения в миграционное законодательство. Проблема, как это ни парадоксально, в том, что мы, казахстанцы – народ законопослушный.
openqazaqstan
12 янв. 2017 / 10:07
  • 11108
  • 26
Так и думал, что 2017-й начнется отвратительно. Каково вообще таким как я, квартирантам?

Так и думал, что 2017-й начнется отвратительно. Каково вообще таким как я, квартирантам?

В городе у меня нет совершенно никого, поэтому ни прописки, ни регистрации у меня нет, а живу я в съемной, как и многие. К сожалению, далеко не каждый человек готов прописать, хоть и временно, своего квартиранта.
MrVladimirLV
10 янв. 2017 / 15:21
  • 6899
  • 85
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 4737
  • 28
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4233
  • 4
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 3804
  • 43