Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:11, 11 ноября 2013

Қарағандыда Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке арналған бокстан республикалық турнир өтеді

Blog post image

Қарағандыда 11-16 қараша күндері 1998-1999 жылы туған жасөспірімдер арасында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевке арналған бокстан республикалық турнир өтеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарыс С. Сәпиев атындағы Бокс орталығында өтеді. Бүгін жан-жақтан келген спортшылар Қарағандыға жиналуда, ал ертең, 12 қараша күні сағат 14.30-да турнирдің салтанатты ашылуы өтеді.

«Турнирге Қазақстан және Қырғызстаннан спортшылар қатысады. Жарыс 14 салмақ дәрежесі бойынша (44 келі, 46 келі, 48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі. 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 80 келіден жоғары) өтеді», — делінген хабарламада.

Жарыстың бас төрешісі — Жоғары ұлттық санаттағы төреші Қайрат Ғалымтаев (Қарағанды қаласы), бас хатшы — Жоғары ұлттық санаттағы төреші Гервий Цой (Қарағанды қаласы).

Бокс бойынша С. Сәпиевке арналған жасөспірімдер турнирі алғашқы рет өткен жылы облыс деңгейінде өткен, деп атап өтті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінде. Биылғы жылы ол республикалық мәртебеге ие болды.

   

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат

 
0
184
0