Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:07, 11 ноября 2013

Спорт туралы жаңа редакциядағы заң жобасы допинг жөніндегі баппен толықты

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов

Жаңа редакциядағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасында допингпен күрес жөніндегі арнайы бап қосылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде құжаттың таныстырылымы барысында мәлім болды.

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапановтың айтуына, қарағанда бүгінде спортқа қатысы бар бүкіл әлем елдері де, спорт қауымдастығы да допинг пайдаланады.

«Біздің ел де одан шет қала алмай отыр. Спортшылардың допинг пайдаланған фактілері бар. Допингпен күресте біз халықаралық келісімдерді назарға аламыз. Сондықтан да, жаңа заң жобасында допингпен күреске арналған арнайы 46-ы бап енгізіліп отыр. Бап тұтастай допингпен күрес саласындағы мәселелерге арналған», — деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, қазақстандық спортшыларды допингті пайдаланғаны үшін айыптау немесе жазалау негізінен халықаралық және ұлттық федерацияларға жүктеледі.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат —  Автор: Қанат Мәметқазыұлы
 
0
960
0