Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
01:22, 30 апреля 2014

Қазақстандағы әскери білім алушылар Америкада тәжірибесін шыңдап жүр

Blog post image

Шетелге жиі шығамын. Әдетте өз еліңнің адамың көрсең көбіне қыдырып келгендерді көретінсің. Алайда еліміздің әскерилері шетелге кәсіби біліктілігін арттыру үшін келеді деп ойламаппын...

Әскери қызметкерлеріміз де, өзге кәсіп иелері тәрізді шетелге тәжірибе алмасуға баратын мүмкіндіктері көп екен. Басқа елде шетелге шығу үшін виза алудың өзі машақат болып жатса, біздің елімізде студенттерден бөлек әскери салада білім алып жүргендерге жағдай жасалғаны қуантарлық.

Қазақстан әскеріне қатысты әңгіме болса, көбіне не жақсы, не жаман деген біржақты пікірді естисің. Шындығында әскерді кәсібилендеру ісі елімізде бірнеше жылдан бері жүйелі жүргізіліп келеді. Келісімшарт негізіндегі әскери қызмет соның бір мысалы. Сонымен қатар  әскери мамандарды оқыту, әрі оларға шетелдегі тәжірибені меңгеруге мүмкіндіктер қарастыру жағы да осының нақты дәлелі.

Мені бәрінен бұрын жоғары оқу орындарындағы әскери білім қызықтырды. ҚР Қорғаныс Министрлігінің ресми сайтында ҚР Ұлттық қорғаныс университеті бар екенін байқадым.

Тіпті бұл университетте PhD-де оқуға болады екен. Жеке өз басым, әскери сала бойынша PhD туралы ойлап көрмеппін. Әскери ғылымға ден қойылып жатқанын қуантып отыр.Болашақта әскери саладағы PhD мамандардың ғылыми мақалаларын қарап шықсам деп отырмын.

Бұл университетті неге сөз етіп отыр дерсіз? Шетелдік сайттарды қарап отырып, аталған оқу орнының студентері мен оқытушылар құрамы тәжірибе алмасу мақсатында сәуір айында Америкаға барып қайтқаны туралы ақпаратты көзім шалды.

Goodfellow Air Force Base сайтында 19-ақпан күні жарияланған мақаласында капитан Джошуа Тайсон бұған дейін Қазақстанда болғанын, орыс тілін үйренгенін айтқан. Қазақстанда өткізген күндерін сағынышпен еске алған американың әскери қызметкері Қазақстанның мәдениетін жақыннан білгеніне қуанғанымен бөліскен.

Америкада әскерилерге шет тілдерін үйрететін арнайы орталық бар. Қазақстанда да әскерилерге шет тілдерін үйретуге айрықша көңіл аударылып отыр. Америкада бұл бағдарлама LEAP (Language Enabled Airman Program) деп аталады.

Blog post image

"Қазақстан ұлт ретінде қалыптасып, әскери әлеуетін мықтап дамытты" деген капитан Джошуа Тайсон Америкаға тәжірибе алмасуға келген қазақ әріптестері келетінін естігенде аудармашы болуға келіскенін айтқан.

 

They have evolved as a nation and have matured as a military.

by Capt. Joshua Tyson

315th Training Squadron

Бұл туралы ақпаратты олар Facebook-тегі әлеуметтік желілерінде де хабарлапты.

Blog post image

"Келгендердің ішінде Қазақ Ұлттық Қорғаныс Университетінің студенттері мен оқытушылары келді. Бұлардың бәрі өз саласында жоғары жетістікке жеткен мамандар. Олар Алабамадағы Аэроұтқыр Университетке қатысты колледжер мен мектептерге барып, үздік тәжірибелерімен танысты" дейді капитан Джошуа.

Қазақ әскери саласының өкілдерімен бірнеше күн бірге уақытын өткізіп, Америка мәдениетін таныстырған маман "Бұндай жобалар екі елдің арасындағы әскери ынтымақтастың артуына үлкен өзгерістер әкеліп әрі қарай дами берсе" деген тілегін білдіріпті.

Қазақстан өзінің әскери әлеуетін кәсібилендіруге ден қойғандықтан мұндай шаралар бұған дейін де болғаны, әрі болатыны да сөзсіз.

Алдағы уақытта шетелдің ақпарат құралдарында әскеріміз туралы қандай ақпараттар жарияланатынын қарап шығу қызық болып тұр. Бұл енді алдағы тақырыптың еншісінде.

 

1
1138
0