Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:22, 08 ноября 2013

ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕ

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қалалық аудандық ішкі істер бөлімінің табиғат қорғау полициясының инспекторы «Браконьер» жедел табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу барысында Путинцев селосынан 50 км қашықтықтағы «Малая логовуха» қонысында  1980 ж. туған Катонқарағай ауданы Ново-Березовка ауылының тұрғынын заңсыз әдіспен марал ұстаған жерінде әшкереледі.

Оқиға болған жерден екі бас марал мен болаттан жасалған екі тұзақ  табылып, тәркіленді. Келтірілген залал 692000 теңгеге бағаланып отыр.

Браконьерлік фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 288-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2013 жылдың 6 қарашасында ҚР ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері Қармақшы ауданының Төретам кентінде жоспарлы шараларды жүргізу барысында 1963 жылы туған Қазалы ауданы тұрғынының басқаруындағы «Фольксваген Пассат» маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру өткізді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-87/

0
154
0