Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
20:08, 07 ноября 2013

Жаңа бағыттар, оң нәтиже!

Өткен сенбі күні ҚКХП Алматы қалалық  коммунистердің IV пленумы болып өтті. Бас қосу барысында партия мүшелері және жанашырлары партияның қазіргі таңдағы жағдайы, таяуда ғана Астана қаласында өткен Халықтық коммунистердің VI Пленум жұмысымен танысты.

Пленумға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Баймаханова Галина, Алматы қалалық комитеттің хатшылары Бейсенбай Елнұр және Сафронова Марианна, сонымен бірге партия мүшелері, партияның барлық ісінде жанашыр болып, қызмет ететін белсенділері қатысты. Пленумда Г.Баймаханова «Заманауи кезеңде партияның негізгі артықшылықтары және ағымдағы жылдың міндеттеріне сәйкес ҚКХП АҚК әрекеттері. ҚКХП ҚРОК және ОК Бірлескен VI Пленумының қорытындысы бойынша» деген тақырыпта баяндама жасады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Баймаханова Галина:

– Құрметті жолдастар! Өздеріңіз білетіндей, 1 қараша күні Астана қаласында ҚКХП ҚРОК және ОК Бірлескен VI Пленумы болып өтті.  Қазіргі таңда партия жаңа жұмыс тәсілдеріне ауысты.  Бұрын біз дәстүрлі түрде барлық қалалық және облыстық комитеттердің бірінші хатшыларының есебін тыңдап, осы баяндамалардың негізінде партияның жұмысын бағалайтын едік, алдағы уақыттан бастап партияның атқарған шаруаларын нақты нәтижелер бойынша бағалайтын боламыз. Орталық комитет ҚКХП 2014 жылға арналған Жұмыс жоспарымен таныстырды, жоспар бойынша келер жылдан бастап, әр ай сайын өз аймағында болып жатқан мәселелерді шешу бойынша партия филиалдарының жұмыстары жоспарланды. Мысалы, 2014 жылдың қаңтар айында Астана қалалық комитеті мектепке дейінгі тәрбие, балабақшадағы кезектің ұзын-сонарлығын жою мәселелерімен айналысады. Ал, 2014 жылдың ақпанын айындағы Алматы қалалық комитеттің міндеті – оңтүстік астананың әкімшілігімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы әлеуметтік-саяси жағдайдың мониторингін жасау. Солай ай сайын партия филиалдарының әрқайсысының өз міндеттері болады. Сонымен бірге, ОК Пленумында 2014 жылға арналған ҚКХП Ардагерлер кеңесінің штаттық кестесі бекітілді. 7 адамдан тұратын Ардагерлер кеңесіне Алматыдан         Александр Алексеевич Холодков, Вячеслав Михайлович Артемьев кірді.

Сонымен қатар Астанада өткен Пленумда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қоңыров Айқын баяндама жасады, баяндамасында ол мемлекеттік басқарудың нәтижелілігі азаматтардың жақсы өмір сүру деңгейімен бағалану қажет. Мемлекеттің әлеуметтік жауапкершіліктен қашуы ұзаққа созылмайды деген еді. Жалпы ҚКХП жұмысының басымдығы және біздің идеологиямыз 2011 жылы сайлауға түскенде ұсынған жүйе бойынша қала береді. Олар әлі де болса өзекті. Билік біздің ойларымызды назарға алып, өңдейді. Мемлекетті басқаруда саяси партияның әсер ету қалыпты жағдай.

Одан соң сөз кезегін алған, тілшіміз Разия Абдыкадырова, 26 қазан күні Ресей Коммунистік партиясының Жастар одағының ұйымдастыруымен Мәскеуде өткен ВЛКСМ 95 жылдығына арналған съездке барып келген сапары туралы өз ойымен бөлісті.

-  Съезд жақсы деңгейде өтті. Байқағаным, жастар өте белсенді. Ұйымдастырушылардың сөзінше Ресейде бірнеше комсомол ұйымдары жұмыс істейді екен. Менде өз кезегімде Қазақстандағы халықтық коммунистердің жағдайы туралы айтып бердім. Осы Алматы қаласындағы жастар қанатының жұмысымен таныстырдым. Сондай-ақ өзіммен бірге алып барған «Коммунист» газеті және «Идея» журналдарын көрсетіп, бірнеше данасын оқуға ұсындым.

Ресей Коммунистері съезд жұмыстарына қатысқандығы үшін ҚР ҚКХП өз алғыстарын жаудырып, Қазақстанның халықтық коммунистеріне тілеулес екендіктерін айтты және әлеуметтік және жастар саясатында халықаралық деңгейде бірлесе жұмыс істерміз деген үміттерін білдірді.

Пленумда талқыланған маңызды мәселелердің бірі ҚКХП 10 жылдығы болды. Бұл жөнінде ҚКХП Алматы қалалық комитеті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Артемьев Вячеслав сөз сөйледі:

– Партияның әлеуметтік мәселелерді шешуде жаңа, тың дүниелерді ұсынып отырғандығы қуантарлық жағдай. Кеңестік кезеңнің өзінде коммунистер мұндай көлемді міндетерді назарған алмаған еді. Бұл партияның өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Мен партияның 10 жылдығын жоғары деңгейде өткізуді ұсынамын. Мүмкіндік болған жағдайда осы шара туралы жақсы материал жазған журналистер арасында байқау жариялауды, балаларға арналған мерекелік іс-шаралар және т.б. өткізуді ұсынамын!

Ал, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің жұмыстары жөнінде ҚКХП Алматы қалалық комитетінің хатшысыЕлнұр Бейсенбай баяндама жасады және қалалық комитеттің мүшелерін жаңартуға ұсыныс білдірді:

- ҚКХП Алматы қалалық комитетінің мүшелігінен Байлиев Есенді шығарып, партиямыз үшін екі жыл көлемінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан, Алматы қаласы Түркісіб ауданының тұрғыны Логинова Екатеринаны мүшелікке қабылдауды ұсынамын. Өтініш, осы ойымды қолдасаңыздар, дауыс беріңіздер.

Жиналғандардың барлығы бір ауыздан Е.Логинованы қолдап, дауыс берді. Әрі қарай партияның жалпы ұйымдастырушылық қызметтері талқыланып, пленум қатысушылары жақсы көңіл-күймен тарасты.

       

ҚКХП Алматы қалалық комитеттің баспасөз хатшысы

Әзімхан Гүлнұр

 
0
365
0