Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:34, 05 ноября 2013

ҚР Қорғаныс министрлігінің жаңа кадрлар саясаты: Екі жыл ішінде курсанттан рота командиріне дейін

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет жас офицерлер арасындағы кадрлар сасатын жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының базасында оқу орнын 2011 жылы бітірген үздік жас командирлерге құрмет көрсету рәсімі өткізілді. Үздік жұмысы үшін жас офицерлерді Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің өзі наградтады.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери институтын бітірушілер әскери қызмет баспалдағын Қорғаныс министрлігі пилоттық жобасы – кадрлар саясатын жетілдіру бағдарламасы аясында бастаған болатын. Жобаны іске асыру ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен жүргізілді. Бағдарлама бойынша оқытушылар жоғарғы курстардың өзінде курсанттардың көшбасшылық қарым-қабілеттерінің қаншалықты дамығандығын анықтап, олардың әлеуетіне сәйкес әрі қарайғы қызмет жолына бағыттайды.

Экспериментке алғашқы болып 2011 жылы бітіріп шыққан офицерлер қатыстырылды. Олар бітіру курсында бірнеше топқа бөлінді.  Бірінші топқа кәсіптік, моральдық және психикалық деңгейі жоғары курсанттар енді. Осы топтан шыққан жас офицерлер кейінгі қызмет жолында басқалардан жылдамырақ өсті.

Жоғары оқу орнын бітірген жас офицерлер ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде  взвод командирі лауазымдарына тағайындалған болатын. Екі жыл ішінде осы лейтенанттардың барлығына дерлік рота командирілауазымдарына көтерілді. Олардың тәжірибесі мен жоғары нәтижесі осы бағыттың дұрыстығын дәлелдеді.

- Жаңа жүйесінің жұмыс істейтінін уақыт көрсетті. Ол объективті әрі транспарентті және еліміздің Қарулы Күштерінде енгізілетін болады. Мұны Сіздер қызметтегі табыстарыңызбен растап келесіздер. Әрине бұл Сіздердің алдарыңызда тұрған жолдың шағын ғана бөлігі. Сіздердің әрқайсысыларыңыз бұдан әрі кәсіптік және арнаулы дағдыларыңызды арттыру үшін жұмысты жалғастыруларыңыз қажет. Сіздер осы жердегі курсанттар үшін қалай қызмет етіп, неге ұмтылу қажеттігі жөнінде үлгі көрсетесіздер. Және де Елбасымыз – Қарулы Күштьердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикамыз тәуелсіздігінің күзетінде тұрған жас офицерлердің рөліне ерекше мән беретінін атап өткім келеді, - деді жас офицерлер мен ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери институты курсанттары алдында сөйлеген ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.

- Бітірушілер атынан көрсетілген қамқорлық пен көмек, Қорғаныс министрі мен бас қолбасшы тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысымызды білдіргім келеді. Бізге барлық іс-шаралар көмектесті, сондай-ақ әрі қарай қызметте біз кез келген бұйрықты орындауға әзірміз, - деді Қапшағай қаласындағы 35 десанттық-шабуыл бригадасы екінші десанттық-шабуылдау тобының командирі гвардия аға лейтенанты Алмат Қалиев.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев:
- Әрбір жас офицердің өзі жоғары мәдениет пен кәсібиліктің үлгісі болып қана қоймай, осыны өз қарамағындағылардан да талап етуі ерекше айрықша маңызды. Барлық жағдайда, әсіресе бағынысындағылардың іс-әрекетін бағалау кезінде салмақтылық танытып, асығыс шешім қабылдамауға ұмтылуы тиіс. Осы жағдайда бөлімшелерде жағымды жағдай қалыптасатын болады. Бұл өз кезегінде жоғары жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіптің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті.

Қорғаныс министрлігі әрі қарай да олардың қызметін бақылап отыратын болады. Қазақстан Қорғаныс министрлігі өзінің кадрлық саясатында армияны біліктілігі жоғары мамандармен жасақтауға баса назар аударатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
266
0