Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:22, 03 ноября 2013

«Ақтөбе» — чемпион.


«Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдаған.

Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биылғы маусымның үздігі — «Ақтөбе», деп хабарлайды «Аламан».

«Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдаған. Алаң иелері осы матчта тең түссе, чемпиондықты рәсімдеуге мүмкіндігі бар еді. Никитенко шәкірттері алға қойған мақсатты орындады. Ойынның  31 минутында шымкенттіктер сапынан Роман Пахолюк есеп ашқан. Матч аяқталуына төрт минут қалғанда 88 минутта Юрий Логвиненко есепті теңестірді. Араға бір минут салып, «Ордабасы» сапынан Евгений Левин гол салып, өз командасын қайта алға шығарды. Ал төреші қосқан уақытта Абат Әлімбетов есепті қайта теңестірді. Осылайша, «Ақтөбе» қажетті бір ұпайын алып, жеңімпаз атанды.

Қарағандыда «Шахтер» мен «Астана» кездесті. «Астана» жеңіске жетіп, «Ордабасының» жеңуін тілеген. 13-минутта алаң иелері сапынан Вадим Боровский алғашқы голды салған. Екі минут өтпей жатып, Сисеру Казимиро таразы басын теңестірді. Таблодағы бұл есеп бірінші тайм бойы сақталды. Ал екінші тайм бастала сала Танат Нөсербаев «Астананы» алға шығарды. 62 минутта Нөсербаевтың пасын ұтымды пайдаланған Патрик Твумаси есепті еселеді. «Астана» биылғы маусымның күміс жүлдесін алды.

Павлодардағы «Ертіс» пен «Қайрат» арасындағы ойында алматылықтар жеңіске жетті — 3:2. «Қайрат» қола жүлде иеленді.

Ал «Ақжайық» келер жылы бірінші лигада ойнайды. Ол команданың орнын «Қайсар» басады. «Восток» пен «Семей» премьер-лигаға берілер бір жолдамаға таласады.

 
0
183
0