Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
14:17, 02 ноября 2013

Қорықтың басты мәселесі

Арал қаласындағы ерекше орындар туралы сөз еткенде, оның аумағында орналасқан Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына тоқталмай өтпеске болмайды. Бұл қасиетті мекен бір кездері Арал теңізінің бергі жағалауындағы өзінше бір арал болатын. Кейінгі жылдары теңіз суының күрт тартылуына байланысты ол бертін келе құрлықпен қосылып кетіп, өзінің арал ретіндегі статусын жоғалтып алды. Ашық аспан аясынан ойып тұрып орын алатын бұл қорық қазіргі таңда Қазақстандағы белгілі алты мемлекеттік қорықтың қатарында жан-жануарларды қорғау мақсатында жұмыс жасап келеді.

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Бұл қорық 1929 жылы тапсырма беруші орган ретінде құрылып, араға он жыл салып, 1939 жылы 10 желтоқсан күні мемлекеттік қорық мәртебесіне ие болады. Сол бір жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің шығарған №973 қаулысы негізінде бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын.

Қорықтың жалпы көлемі 160,8 мың гектар жерді қамтиды. Қорықтың басты мақсаты - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау. Бүрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. Жануарлар әлемімен қоса өсімдіктер әлемінің түрлері бұнда өте сирек кездеседі. Өсімдік атаулының 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар, сүтқоректілер және қос мекенділер тіршілік етеді.  Теңіздің тартылып, құрғауына байланысты судың тұздылық мөлшері нормадан асып, шектен шықты. Тұщы су – тұрмыстық қолданысқа қажетті зат. Ал судың құрамының күрт өзгеруі табиғи апатқа әкеліп соқтыруы да мүмкін. Қазіргі таңда тұщы судың жоқтығы мал шаруашылығына қиындық әкелуде.

Барсакелмес қорығының басқа қорықтардан басты артықшылығы – елімізде сирек кездесетін құландардың тіршілік етуі. Барсакелмес – құландар мекені. Әу басында мұндағы қорықтың өзі негізінен табиғатта сиреп бара жатқан осы аңның түрін сақтап қалу үшін құрылған еді. Құландар осыншама кең байтақ жерімізде өте сирек. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Ал 1982 – 1991 жылдар аралығында 260-тан астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Азайған құландарды көбейтуді басты назарға алуымыз керек.

Енді Барсакелмес қорығының дәл қазіргі таңдағы жұмыс сипатына келсек. Бірақ, тұяқты аңдардың бұл қорық аумағынан тысқары кетіп қалатындығына байланысты 500 мың гектардай алқап бақылауға алынған. Бұрынғы теңіз табаны және онымен жалғас жерлерден құралатын осынау атырап күзет әдісімен қадағаланады. Мұндағы құландар саны да біртіндеп өсіп келеді. Бір кездері тіпті санаулы болып қалған бұл аңның мұндағы қарасы бүгінде 100-ден асты. Егер құланның өте баяу өсетіндігін ескерсек, бұл өсімнің өзінің жоғары қарқынды екенін байқауымызға болады.

Барсакелмес қорығының қазіргі таңдағы басты мәселесі - 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Бұл – өте дұрыс шешім. Теңіз кеуіп, орны құрғап, өсімдік атаулының мүлдем азаюы қорық аумағында көптеп кездеседі. Өсімдік біткеннің азаюы – таза ауаның ластануы. Ластанған ауа тіршілікке қолайсыз. Бұл мәселеге аудан басшылығы да оң көзбен қарап, қолдан келген барлық шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Гүлденген қала атануымыз үшін қолдан келген іске барынша ұмтылуымыз қажет.

 
1
1055
0