Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:41, 30 октября 2013

Қазақстан Қорғаныс министрі Ұлыбританияға ресми сапармен келді

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Қорольдігіне ресми сапармен келді.

ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық делегация бүгін Лондонда Сауда-инвестициялық палата жанындағы қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі ұйым мен Ұлыбритания әскери-өнеркәсіп кешені компаниясы басшыларымен кездесу өткізіп, бірқатар британдық қорғаныс компанияларына барады.

Ертең Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Ұлыбританияның әскери басшыларымен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар, Әділбек Жақсыбековтің британиялық әріптесі Филипп Хаммондпен, Ұлыбритания Қарулы Күштері қорғаныс штабының бастығы генерал Николас Хаугтонмен және Ұлыбритания Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал Питер Уолмен кездесуі жоспарланған.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық негізгі екі бағыт – бітімгершілік және әскери білім беру бойынша белсенді түрде дамуда.

Сапар барысында қазақстан-британ әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының келешегін одан әрі дамыту талқыланады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
177
0