Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:28, 30 октября 2013

«Сәтті қадам» жобасы


«Сәтті қадам» жобасы енді аймақтарда

2013 жылдың 28 қазанында «Жас Отан» Жастар қанатының Шығыс Қазақстан облысы, Батыс-Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы және Павлодар облысы аймақтық филиалдарында жастардың тәжірибеден өтуін ұйымдастыру бойынша «Сәтті қадам» жобасының бастау алуына байланысты баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Blog post image

Аймақтық баспасөз конференциялары лайықты мамандарды іріктейтін комиссия, сарапшы мамандардың және қатысушылардың тәжірибеден өтуіне бос орындар ұсынатын ұлттық, жеке меншік компаниялардың өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Бүгінгі таңда «Жас Отан» Жастар қанатының бес облыстық филиалы келесі жергілікті мемлекеттік органдармен және ұлттық компаниялармен өзара келісім туралы меморандумға қол қойған:

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы:

sko@zhasotan.kz

СҚО әкімі аппараты

СҚО Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы

СҚО Мәдениет басқармасы

СҚО Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы

Петропавл қаласы әкімі аппараты

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы:

shko@zhasotan.kz

 

ШҚО әкімі аппараты

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ

«Қазақтелеком» АҚ

«АЗИЯ АВТО» АҚ

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ

Павлодар облыстық филиалы:

pavlodar@zhasotan.kz

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ

«Қазақтелеком» АҚ

«КазТрансОйл» АҚ

«Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ

Ақтөбе облыстық филиалы:

aktobe@zhasotan.kz

 

Ақтөбе облысы Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы

Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы

Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасы

Ақтөбе облысы бойынша Салық департаменті

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ

«Қазақтелеком» АҚ

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰҚ» АҚ

Батыс Қазақстан облыстық филиалы:

bko@zhasotan.kz

БҚО әкімі аппараты

БҚО ішкі саясат басқармасы

Жоғарыда көрсетілген мекемелер тізімі өзара келісім туралы меморандумдарға қол қойылуына байланысты ұлғаятын болады. Аталған компанияларда және мемлекеттік органдарда тәжірибеден өткіңіз келсе, тұрғылықты жеріңіз бойынша немесе тәжірибеден өткіңіз келген аймақта орналасқан филиалдың сәйкес электрондық мекен - жайына құжаттарыңызды жолдауыңызға болады (түйіндеме, анықтама, диплом қосымшаларының көшірмесі).

Толық ақпаратты http://zhasotan.kz/ сайтынан алуыңызға болады.

 
0
2416
0