• 86762
  • 174
  • 15
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жастар «алаңы» ашылды!

Жақында ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Жұмаділов Жарқын Түсіпбекұлы жаңадан ашылған www.aynaline.kz жастар сайтының Бас редакторы болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен жас ұрпаққа арналған виртуалдық алаңда қандай жұмыстар, нендей шаралар іске асырылып жатқанын ұжым мүшелерінің өздері баяндайтын болады. «АйнаLine» редакциясына қош келдіңіз!

Жарқын Түсіпбекұлы, Бас редактор:

– ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес 2008 жылы 1 шілде күні құрылғаны белгілі. Биыл оның құрамы жаңарып, менің де мүше боп кіруіме ұсыныс жасалды. Мен одан бас тартқан жоқпын. Өйткені, өзімнің мамандығым саясаттанушы, бұған қоса, газетке саясат жөнінде басымырақ жазғаным болғандықтан және  жастар саясаты туралы заңдар талқыланған кезде депутаттармен, жергілікті органдармен байланыс орнатып, сұхбаттар ұйымдастырғандықтан, белгілі бір багажым болды. Мүшелікке кіргелі Жас Кеңеске «Алаш айнасы», «Қазақ радиосы» мен өзімнің жеке блогтарымда қолымнан келгенімше  ақпараттық қолдау көрсетуге тырыстым. Енді бұл істі aynaline.kz сайты арқылы да жалғастырмақ ойым бар. Жалпы, aynaline.kz сайты бүгінде өзінің толық күшіне еніп отыр деп айта алмаймын. Қазанның 1 жұлдызынан бастап шығып жатыр, бір-ақ ай қызмет жасауда. Алайда қоғамда қазақтілді ортаның кеңеюіне байланысты жастарға осындай қазақтілді ресурстың ашылуы керек еді, дәл уақытында ашылған сияқты. Өйткені бір-ақ айдың ішінде сайтымыздың біраз тұрақты оқырманды тауып отырғанын көріп отырмыз. Күн сайын жаңа тұтынушылар кіріп, жалпы  1 қазаннан осы күнге дейін дербес келушілер саны 5062-ге жетіп отыр.

 

Ерлан Оспан, контент-менеджер:

– aynaline.kz сайты биыл қазанның 1 жұлдызында қызмет ете бастады. Ол бұрынғы «Нұр Астана» атты жастарға арналған газеттің  жалғасы.  Соңғы тенденциялар мен рейтингтік мәліметтерге сүйене отырып, ұжымымыз сол газетті электронды нұсқаға көшіруді ұйғарды. aynaline.kz сайтының басты ерекшелігі – толықтай штабы бар, редакциялық режимде жұмыс істеуі. Сонымен қатар, біз қазақтілді оқырманның бірнеше тілді меңгерген сауатты екенін есепке алып отырмыз. Олардың дүниежүзілік ақпарат агенттіктерінің орысша немесе ағылшынша  берілген ақпараттарының алуына еш кедергісі жоқ екендігін ескере отырып, біз сол материалдарды копирайтинг түрінде де,  сілтеме арқылы да мейлінше аз беруге тырысамыз.  Бүгінде біздің басты бағытымыз - авторлық материалдарды шығару. Бұған қоса, жастарға қарапайым мамандықтардың да еліміз үшін маңызды екенін жеткізу. Әрине, атақты Билл Гейтс сынды ірі тұлғалар жөніндегі материалдардың қызық екені даусыз. Алайда қоғамда тігіншілердің немесе дәнекершілердің де қажеттігі барын көрсетіп, кәсіби мамандықтарды насихаттау да мүддеміз. Сонымен қатар, біз терең ой тастайтын академиялық тілден бас тартып, сайтымызды қарапайым жастардың тілінде сөйлетуге тырысып жатырмыз. Әрине, жаргондарды қолданудан аулақпыз, дегенмен, қарапайым тілде жазу – редакциялық саясатымыз. Сайтымыз «Нұр Астана» газетінің тікелей жалғасы болғанымен де, біз жаңашылдық ұранымен сайтты «AynaLine» деп атап, ребрендинг жасаған болдық. 1 қарашаға дейін сайтымыз барлау үстінде, яғни бета режимінде жұмыс істеп келеді. Бірақ болашақта кері байланыс орнатылып, сайтымыздың жұмысы жастардың өздері дайынған материалдарының берілуіне негізделетін болады. Бұдан басқа да редакциямыздың көптеген жоспарлары, піспеген жобалары бар. Оларды қараша айының алғашқы апталарынан бастап көруге мүмкіндіктеріңіз болады.

 

Абай Отар, редакциядағы ең жас тілші:

– Бұрыннан «Нұр Астана» газетіне спорт тақырыбында жазып жүретінмін. Қазір aynaline.kz сайтының спорт бөлімін жүргіземін. Сайт әзірге бета режимінде жұмыс істеп тұрғандықтан, мүмкіншіліктер мен жоспарларды әлі пайдаланып отырғанымыз жоқ. Соған қарамастан, ауыз толтырып айтатын жетістігіміз бар. Мәселен, таяуда біздің қойған сұрағымызға лондондық «Арсенал» футбол клубынан ресми жауап келді. Әлемдегі үздік клубтың бірі АйнаLine-ға жауап бергені, әрине,біз үшін қуанышты жағдай. Спорт бөлімінің көтеретін жүгі ауыр ғой. Жастарды спортқа қызықтырып, бүкіл жаңалықтан хабар беріп отыру - біздің міндетіміз.

 

Арнұр Асқаров:

– Мен 2004 жылы «Нұр Астана» жастар газеті шыға бастағаннан бері, осы редакцияда жұмыс істеп келе жатқандардың бірімін. Қазір сайттың әдебиет бөліміне жауап беремін. Бүгінде газет сайтқа айналуына байланысты жұмыс қарқыны айтарлықтай өзгерді, онлайн режиміне көшіуіміз жеделдікті, ақпаратты барынша тез беруді талап етіп отыр. Оқырманымыздың санына және олардың әлеуметтік желілерде бізге беретін бағаға қарап, біздің еш жерде жарияланбаған, эксклюзивті материал беру ұстанымы дұрыс деген сенімдемін. Еліміздің барша жастарын белсенді болуға шақырамын. Әлемдегі әдеби тыныс-тіршілік жөнінде біліп, талғамын көтеру мен өзін рухани жағынан байытқысы келген азаматтарға   aynaline.kz сайтын оқуды ұсынамын.

 

Айбек Тасқалиев:

– Өзім мәдениет тақырыбындағы мақалаларды 2007 жылдан бастап жазып келемін. Ал «Нұр Астана» газетінің шығармашылық тобына келгелі, 2009 жылдан бері өнерден бөлек, жастар мен әлеумет тақырыптарын да бірге алып жүрдім. Сондықтан қазіргі таңда маған өнер тақырыбында қалам тербеу соншалықты қиын, болмаса таңсық деп айта алмаймын. Өзіңізге белгілі, жастар газеті осы жылдың қазан айынан бастап сайтқа айналды. Сол себепті, жаңа жұмыс жүйесіне һәм форматқа көшіп жатырмыз. Күнбе-күн қарбалас... Әйткенмен, редакциядағылардың біразы жалындап тұрған жас болғандықтан, лезде бұған да бейімделіп кеттік деуге болады. Ендігі сайттағы жұмысымыз жөнінде кеңінен айтар болсам, мен әлгінде айтқан «Мәдениет» бөлімінің редактор-тілшісімін. Яғни, шоу-бизнес, кино, театр, бейнелеу өнері, сән, басқа да салаларға қатысты соңғы жаңалықтарды, өнер иелерімен жүргізілген сұхбаттарды, арнайы репортаждар мен фотобаяндарды ұсынып отырамын. Өз басым күн сайын солардың барлығын бірдей қамтуға мейлінше тырысатыным бар. Айталық, бүгін бір әнші туралы жазсақ, оның әріптесі туралы тағы бір материалды келесі күнге қалдырамыз. Мақсат – оқырманды жалықтырып алмау. Өйткені, бір зат адамды тез жалықтырады ғой... Мүмкіндігінше «тыңнан түрен салуға», жұртшылықтың таңдайын қақтыруға мүдделіміз. Сөйте тұра, қазақы таным-түсініктен, өзіміздің ділімізден аттап кетпеуді мақсат етеміз. Біздің оқырмандарымыз, негізінен, 16-29 жас аралығындағы қыз-жігіттер болғандықтан, оларға тәрбиелік мәні зор болатын дүниелерді ұсынғымыз келеді. Қанша айтқанмен, олар сол «жұлдыздарға» қарап бой түзеп, үлгі алады дегендей. Тоқтала кетерлік жайт, біздің бөлімде тек қазақ өнерпаздарына басымдық берілу үстінде. Өзімізде патриоттық рух басым. Шетелді басқалары да жаза жатар... Бүгінге дейін, бір айға жуық уақыттың ішінде мен жауап беретін бөлімде бірқатар шығармашылық адамдарымен сұхбаттар жарық көрді. Атап айтсам, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Берік Айтжанов, Досжан Табылды, т.б. танымал тұлғалармен арада өрбіген әңгімеміз оқырмандар тарапынан жоғары бағаланып жатыр. Бұйыртса, алдағы уақытта да журналистерге «ұстатпайтын» шығармашылық адамдарымен сыр-сұхбат құрып, олардың үйінен репортаж ұсынбақ жоспарымыз бар. Олардың біразы жоспарға енгізіліп қойылған, әрқайсысы өз уақытын күтіп жатыр (күліп). Қысқасы, эксклюзивті сұхбаттар мен фоторепортаждарды оқып һәм көргеңіз келсе, біздің сайтты қарай жүріңіздер...

 

Қуаныш Жиенбай:

– Мен aynaline.kz сайтының шеф-редакторымын. Дайындалған мақалаларды үйлестіріп, ондағы грамматикалық, саяси қателіктерін түзетумен айналысамын. Олардың танымдық жағынан барынша құнды, қысқа да нұсқа болуын қадағалап отырамын.  Менің қолым қойылмаса, материал сайтқа шықпайды. Қазіргі кезде редакциямызда қазақ әдебиетіндегі жаңалықтары, жаңадан шыққан кітаптарды, жас ақындардың шығармаларын насихаттау қолға алынған. Мысалы, қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 89 жасқа келуіне байланысты мақала жарияланды. Бұдан басқа жақында ғана Төлен Әбдіковтың сұхбатын берген едік, оны бір күннің ішінде 200-ден астам оқырман оқып көрді. Бұл жақсы көрсеткіш қой.

 

Ғабдул-ғазиз Есенбаев:

– Өмір бойы газетте жұмыс істеген тәжірибелі журналистердің қатарындамын. Жастар жаңа технологияларды игеріп, интернетте жұмыс істеуді терең меңгерген болса,  газетіміз сайтқа айналғаннан кейін аяқ астынан шәкірт болып шыға келдік. Материалдар талғап беріледі: 5-6 материалдың ішінен тек біреуі ғана жарияланатын кездер де болады. Өйткені бізде контентіміздің сапалық жағы ерекше назарға алынған, бұған қоса кез келген ақпаратты елден бұрын беруді көздеудеміз.

 

Ләззат Кемелбаева:

– Мен сайттың «Білім» бөлімін жүргіземін. Сайт ашылғанына көп болмаса да, біраз тапсырмалар алып, білім саласына қатысты материалдар дайындап үлгердім. Жұмысымыз студент-жастармен тығыз байланысты. Сондықтан еліміздегі жоғары оқу орындары мен шетелдік білім беру саласына қатысты мазмұнды материалдар мен тың жаңалықтар беруге тырысамыз. Жастар жөнінде айтар болсам, бүгінгі жастар шетінен білімді, интеллектері жоғары. Бұл, әрине, қуантады. «Ақыл – жастан» деп бекер айтылмаған ғой, олармен сөйлесіп отырып, тың идеяларды естіп, еріксіз таңғаламын. Дегенмен, білімнің артықтығы жоқ. Білімдерін әрдайым жетілдіріп жүрсе, ешкімнен кем болмайды. «Көштен қалмай, көшбасшылыққа ұмтылу керек» дегім келеді жастарға. Бір ғана саламен шектеліп қалмай, жан-жақты дамуы қажет. Өйткені, бүгінгі қоғам соны талап етеді. Жастардың жан-жақты болғаны өзіне де, елімізге де жақсы.

 

Мәриям Әбсаттар:

– Мен көбінесе сайттағы мәдени, шоу-бизнес пен киноға байланысты сараптамалар жазамын. Менің ойымша, интернет журналистиканың ұтар тұсы оның шекарасыздығында жатыр.  XXI ғасырды ақпарат ғасыры деп білсек, сайттың арқасында жазғанымызды тек қазақстандықтар ғана емес, шетелде жүрген қаракөз қандастарымыз да оқуға мүмкіндік алып отыр. Бұл бізге бір-бірімізді жақын тануымызға ықпал етеді. Сондықтан қазіргі таңда сайттар көптеп қажет деп ойлаймын, әсіресе, қазақтілді сайттар. Газет-журналдарға қажеттілік жойылмаса да, жастарға  мобильді нұсқа арқылы сайттағы ақпарат қолжетімді және тиімді болып келеді. Сайтымыз тың мәселерді және жастарға сіңімді болар-ау формаларды іздестіру барысында. Сондықтан оқырман қауым бізге өз бағасын әлі берер деген ойдамын.

 

Гүлшат Хамит:

– Біз жастарға көмек ретінде жақсы тетіктер жасалса екен деген ойдамыз, сондықтан да жастар саясатына да назар аударудамыз, пайдалы кеңестер беруге тырысамыз. «Қарны ашқанға балық емес, қармақ бер» деген қағиданы негізге ала отырып, жастарға пайдалы, керек кеңес беріп, бағыт-бағдар беруге тырысамыз. Осындай мазмұндағы материалдарды дәстүрлі түрде шығаратын боламыз деп ойлаймын.

 

Құрметті қауым! Енді сіздер де aynaline.kz сайты жөнінде хабардарсыздар! Онда берілетін материалдарды бақылап, үнемі next буынына қажет ақпаратпен қамтылған болыңыздар!

 
zhaskenes2012
Совет по молодежной политике при Президенте РК создан в 2008 году с целью усиления взаимодействия между государственными органами и молодежными организациями. В состав Совета входят ответственные секретари заинтересованных государственных органов, депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, лидеры молодежных НПО. В этом блоге мы будем рассказывать о деятельности совета, анонсировать и освещать интересные события в сфере государственной молодежной политики и многое другое. Подписывайтесь на наши обновления! С уважением секретариат Совета по молодежной политике при Президенте РК.
30 октября 2013, 14:45
1354

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10565
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4141
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3645
  • 3
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 3536
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3411
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2869
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3031
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2771
  • 19