Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:01, 29 октября 2013

Немереме Хат

Немереме хат!

Жарық дүнием, менің, күнім менің.

Сен менің тұңғыш немеремсің.

Сенің дүниеге келуіңді ұзақ күттім.

«Жасым немере сүйетін жасқа жетті, тіпті асып бара жатыр» -деп жүргенімде әке-шешең сені күтіп жүргендерін айтты, сондағы қуанышымда шек болмады, төбем көкке жеткендей болды дүниеде менен бақытты адам жоқ той көрінді.

Сол күннен бастап сенімен сөйлесетін болдым. Анаңның құрсағынан сипап, сенің болашағыңның жарқын, бақытты болатынын, ақылды дені сау, рухани жан-дүниесі зай адам болады деп, сенің кіп-кішкентай зердеңе құя дердім. Анаңның сені дүниеге аман-сау әкелетініне анық сендім, өйткені алламнан соны тіледім.

Сөйтіп жүргенде айы-күні жетіп, анаң аман-есен босанды-ау, сен жарық дүние есігін ашқанда қасында мен тұрдым, сенің іңгалаған даусынды алғаш мен естідім, сені анаңнанда бұрын өзім қолыма алдым. Сондағы қуанышымды, ерекше сезімімді айтып жеткезе алмаймын.

Сөйтіп біз сенің әр қылығынды қызықтап, мәз-мейрам күн кешіп жаттық. Өмірдің қызығы мен шыжығы да көп қой.

Сен қазір менен алыста, басқа жерде, басқа жақта тұрып жатырсың, әлі кішкентайсың ғой, кімнің кім екенін ажыра алатын жасқа жеткен жоқсың, сондықтан сенімен сөйлесе алмаймын, сөйлескен күндеде не айтамын, күнім, тәттім.

Әзірше бәрі осылай бола тұрсын, уақыт еншісіне қалдырайын уақыт өтер, біз қайтадан танысармыз, қайтадан табысармыз, тек аман болғайсың.

Сәлеммен әжең

0
889
0