Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
16:07, 24 октября 2013

Жетімдер

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Шын болса Ата-ана панасы

Адаспас, еді ғой баласы

Ұстамас еді ғой жағасын

Тастамас еді ғой баласын

 

Іңгәләп жылаған баласын

Қыспады, кеудеге анасы

Өмірде болатын, панасын

Болатын, өзіне жалғасын

 

Сол беттен, жетімдер үйіне

Баласын апарып тастады

Жылаған күмәнді, сезімде

Кетті де, мында аяқ баспады

 

Қызметте биікке самғады

Байлықта жинады, бағаны

Сорлы Ана, бір тыным таппады

Бәрібір, бақытты болмады

 

Сәбисіз өмірдің, жоқ сәні

Болмады байлықтың бір мәні

Тастады бір күнде, бәрінде

Ойланғың, жасыңда, кәріңде

 

Бәріміз жалғанда, пендеміз

Бір жалғыз, Аллаға сенеміз

Күнәнің, ауырын білеміз

Сонда да, адасып жүреміз

 

Болмаушы еды ғой Қазақта

Бұл сұмдық, Ата-ана, Бабада

Қалдық қой, біз онда мазақта

Көбейді, тастамды балада

0
463
1