Автор стихов - Айгүл Сағымбайқызы
Бүгін қария жылады,
Жастықты еске бір алып.
Баласын сүйді, қорғады,
Бір күндей, бәрін еске алып.
***
Қалайша қарттар үйінде,
Қалдым бүгін мен тозып?
Жаутаңдап тосқан сезімге,
Жақсылық тілеп, мың қосып.
***
Тамағы тоқ болса да,
Жүрек тозып, ащиды.
Кінә жоқ деп баламда,
Тілек тілеп жасиды.
***
Әй заман ай, заман ай,
Жетім бала, қарттар ай.
Болмасын дүрлік осындай,
Кешіре гөр бізді, бір Құдай.