Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
22:54, 21 октября 2013

КҮЗГІ ЭЛЕГИЯ

Blog post image

Сарғайып жапырақтар, солды гүлдер,

Ес жиып, етек жабар келді күндер.

Қонбайды балапандар көл жағалап,

Ойнайды ала таңнан  енді  кімдер?

 

Қалғандай мына  жылдан ең ақырғы ай,

Қағады құстар көкте  қанатын жай.

Мөп-мөлдір таңғы шықтың тамшылары,

Өткен бір шақты есіме  салатындай.

 

Жоғалтқан шұғыласын қасаң  ғалам,

Жасаған  сыйың, тегі, осы-ау маған.

Қабағын көтермеген мынау аспан,

Жанарым шығар менің  жасаураған.

 

Үзеді топ-топ тырна  тізбелерін,

Тағы да  таппағандай іздегенін.

Қайтемін, қырда жалғыз қалып тұрып,

Әйтеуір үмітіңді  үзбе дедім...

 

Сарғайды  жапырақтар. Солды гүл де,

Барады қалмай өткен  белгі күнде.

Ойымды қайтсем екен  оты қашқан,,

Жайымды айтсам екен енді  кімге?!

АЛМАТЫ.  ЕКІ ӨЛЕҢ

 

1.Этюд

 

Алатауды басты да қалың мұнар,

Алматыға қар жауды,  кәдімгі  қар.

Ақ жұлдыздар асығып қонып жатыр,

Ал асфальттің  жайы жоқ оныңды ұғар.

 

Жоғарыдан желбіреп кие-мамық,

Жол үстіне  құлайды сүйе барып...

Аусыл болған сиырдай ыңыранды,

Автобустар адамды тиеп алып.

 

Тәжірибе жасаушы көкте Құдай,

Тас бетіне шелектеп төккен лай...

Қолшатырсыз қыз тосты алақанын:

«Қарды сондай сағынып кеткенім –ай!..»

 

Қап-қара аспан, ақшыл бұлт, қалың мұнар,

Қар жауып тұр қалада, кәдімгі қар!

Шаттық шығар, қыз жаққа қарай бердім:

«Шын  сағынсаң шалшыққа қолыңды мал!..»

 

2.Абстракция

 

Қалмасын деп құнысып биік арман,

Қанша әлі ақын тартады күйік алдан.

...Алматының алқымы айғыз-айғыз,

Алатаудың бауыры ұйыған қан!

 

Ұйыған қан. Ұйлыққан тірі адамдар,

Ұры-қары, ұлықтар, пірәдарлар...

Бақи жолын бетке алған барлығының,

Бәсіресіне  бұйырған бір-ақ ор бар!

 

Бірақ оны білмеген болып бәрі,

Бақытына семіріп, арықтады.

...Автотұрақ астынан ән айтады,

Аруақтар айғайлап табыттағы.

 

Балдақтаулы бейқуат бүркіт текті,

Балақбауын бір сезім бұлқып, тепті.

...Пердесінен ақ үйдің  күлкі естілген,

Періштелер үңіліп... үркіп кетті!

 

Аласарып ақыры асыл арман,

Айту үшін айтысты осы болған:

Алатаудың бауыры – алып қабір,

Алматыда ақынның басы қалған!

 
0
2798
0