Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:04, 16 октября 2013

Қазақстан құрамасы Ирландиядан жеңіліс тапты

Blog post image

2014 жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатының еуропалық матчтары аяқталды. Қазақстан құрамасы соңғы ойынын Ирландияда жергілікті командаға қарсы өткізген болатын.

Әлдеқашан әлем біріншілігінде доп тебуден күдер үзген қос команда арасындағы ойында біздің жігіттер 1:3 есебімен жеңіліс тапты.
Алайда алғаш болып есепті қазақстандықтар ашты. 13-минутта Дмитрий Шомко Форд қорғаған қақпадан саңылау тапқан болатын. Алайда бірінші таймда ирландықтар есепте алға шығып үлгерді. Алаң иелері сапынан Робби Кин мен Джон О’Ши көзге түсті. Ойынның негізгі бөлігі аяқталуға 12 минут қалғанда алғашқы доптың авторы Шомко өз қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті белгіледі — 3:1.
Біздің құрама 10 ойында қанжығасына бес ұпай байлап бесінші орынды қанағат тұтты.

Ирландия — Қазақстан 3:1 (2:1)
Голдар: Шомко 13 (0:1), Кин пенальтиден 17 (1:1), О’Ши 26 (2:1), Шомко автогол 78 (3:1)
Ескерту: Кислицын 16
Ирландия: Форд, Коулмен, Данн, О’Ши, Уилсон, Маккарти, Рейд, Гибсон (Уилан 37), Стоукс (Хулахан 87), Дойл, Кин
Қазақстан: Сидельников, Гурман, Карпович (Шабалин 84), Кислицын (Финонченко 32), Дмитренко, Щеткин (Юрин 61), Энгель, Байжанов, Шомко, Хижниченко, Коробкин
Бас төреші: Вадим Директоренко (Латвия).

 
0
186
0