Yvision.kzYvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
4
02:16, 14 октября 2013

Инстаграмдағы қазақ журналистері

Blog post image

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық журналистердің инстаграмына шолу жасамақшымыз.

Асхат Садырбай @askhatsadyrbai

"Еларна" арнасындағы "Жарайсың" бағдарламасының жүргізушісі, журналист әрі продюсер Асхат Садырбайдың инстаграмы көбінесе жұмысымен байланысты. Студияға келетін қонақтармен суретке түсу дәстүрге арналған. Сондай-ақ Асхат мырза өзінің телеарнадан бөлек жүргізушілік қызметімен де бөлісіп, жаңа look-тарын көрсетуге үлгеріп қалады.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Өркен Кенжебек @orkeni

"Хабар" телеарнасы бағдарламаларының шеф-редакторы, "Жақсы" порталы құрушыларының бірі әрі редакторы Өркен Кенжебектің инстаграм желісімен қолданып жүргеніне көп болмаса да, нағыз журналист ретінде ол танымдық әрі пайдалы ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады. Саяхаттарында түсіретін әдемі суреттері де көз тартады.

Blog post image

"Қазақстаннан өзі 3 медресенің орны табылды десек, Тараз медресесі соның ең ежелгісі. Қазір осы кешенді мынадай жоспармен қайта жаңғыртып жатыр"

Blog post image

Blog post image

"Егер ең болмаса Еркін Рақышев секілді режиссер болсам, мына жерді локация мамандарына еш көрсетпес едім. Қазақы "Храброе сердцені" түсіруге сұранып тұр.."

Blog post image

Максим Рожин @mrozhin

Максим Рожин "Астана" арнасында жаңалықтар жүргізушісі, "7 арнаның" "Нысана" аналитикалық бағдарламасында журналист болып жұмыс істеген, қазірде APEX Consult компаниясының медиа-директоры, журналистік қызметін де тастамады. Максим сондай-ақ инстаграмдағы керемет фотосуреттерімен танымал. Кәсіби фотограф екені Астананың көркін көркейткен суреттерінен бірден көрінеді.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Бекзат Жүсіп @bekzatzhusip

"Хабар" телеарнасы жаңалықтар қызметінің редактор-дикторы. Батыс өңірінің азаматы Бекзат Ақтау қаласының телеарналарында журналист болып бастап, "Алматы", "Ктк" телеарналарында біраз жұмыс істеген. Қазіргі қызмет орны Астана қаласында.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

"Мына кiшкене рекордер микрафон мықты екен. АКШ-тан алдырттық. Ендi мәтiндi студияға шапқыламай, үйде отырып-ақ оқып жiбере беруге болады... Сапасы жоғары..."

Жаннат Бақыт @zhannatbakit

"Ктк" телеарнасы жаңалықтар қызметінің жүргізушісі. Жаннат Бақыттың инстаграмы тек әдемілік пен үйлесімділікке толы сияқты. Көрікті ару, тәтті жанұя әрі сүйікті жұмыс - бәрімен де Жаннат өз көрермендерімен бөлісіп отырады.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева

Blog post image

Ұқсас материалдар:

Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері

Instagram: Шетелде оқитын қазақ студенттері

Инстаграмдағы жас аналар

Инстаграмдағы кәсіби фотографтар

Инстаграмдағы қазақстандық модельдер

Инстаграмдағы қазақстандық актерлер

Инстаграмдағы қазақ әншілері

4
3783
2