Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:55, 13 октября 2013

Қазақстанда спортпен шұғылданатындардың саны 3,6 млн. адамды немесе ел халқының 21,6 пайызын құрайды


Қазақстан Республикасы Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің көшпелі алқа мәжілісі өтті. Онда бұқаралық спортты дамыту мәселелері мен спорт резервін дайындаудағы және ұлттық құрама команданы қалыптастырудағы өңірлердің рөлі мәселесі қаралды. Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев қатысты. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Алқа мәжілісінде баяндама жасаған Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, бүгінгі таңда республикада 16 өңірлік Жоғары спорт шеберлігі мектебі бар, онда 61 спорт түріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Ағымдағы жылы осы мектептерге қатысушылар саны 3 153 адамды құраған. Сонымен қатар өңірлерде 17 олимпиадалық даярлық орталығы жұмыс істейді, онда 37 спорт түрі қамтылса, оның ішінде 17-сі — қысқы спорт түрлері. 2012 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылданушылар саны аздап артқаны байқалады. Ең жоғары өсім Жамбыл облысында байқалады — 53 адам.

«Сочидегі 2014 жылғы 22 қысқы Олимпиада ойындары және 2017 жылғы Алматы қаласындағы Бүкіләлемдік қысқы универсиада біздің алдымызға Қазақстан Республикасында негізгі қысқы спорт түрлерін дамыту жөніндегі маңызды міндетті шешуді қойып отыр», — деп атап өтті Е. Қанағатов.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2012 жылғы Қазақстанда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың саны 3,6 млн. адамды құрады немесе бұл ел халқының 21,6 пайызы болып табылады. Соның ішінде ауылда спортпен айналысушылар саны 1,5 млн. адам немесе ауыл халқының 20,2 пайызын құрап отыр.

Облыстар бойынша алсақ, спортпен шұғылданушылардың барынша көп қамтылуы Қарағанды облысында — 27,4%, Қостанай облысында — 26,6%, Павлодар облысында — 26%, ең аз қамтылғаны — Жамбыл облысында (19,2%), Маңғыстау облысында (18,9%), Оңтүстік Қазақстан облысында (16%).

Алматы облысында спортпен шұғылданушылар саны 2011 жылмен салыстырғанда 15 мың адамға артса, Алматы қаласында — 7 мың адамға, Қарағанды облысында — 900 адамға артқан.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Қанат Мәметқазыұлы
 
0
338
0