Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:32, 09 октября 2013

Қаржы полициясы агенттігінде қаржы пирамидалардың қызметіне қарсы тұру мәселелері жөніндегі заңжобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің Заң шығару және сот-құқықтық реформасы комитетінің сапарлық отырысында талқыланды

Ағымдағы жылғы 8 қазанда Қаржы полициясы агенттігінде  ҚР Парламенті Мәжілісінің Заң шығару және сот-құқықтық реформасы комитетінің ҚР «Қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңжобасын (бұдан әрі – заңжоба) талқылау бойынша сапарлық отырысы өтті.
Отырысқа Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Р.Т.Түсіпбеков, оның орынбасарлары, Агенттік бөлімшелерінің басшылары, Заң шығару және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы Р.Ж.Мұқашев, жұмыс комиссияның мүшелері – Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Заңжоба бойынша Заң шығару және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы Р.Ж.Мұқашев, жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.Қожахметов және Агенттіктің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Ж.Еламанов сөз сөйледі.
Қаржы пирамидасы инвестицияларды тартудың нысаны болып табылады, онда тартылған ақшалай қаражаттар бойынша табыс оларды тиімді іс немесе тауарға салу арқылы емес, жаңа салымшылар мен ақша қаражатын тарту арқылы алынады.
Сонымен бірге болашақ салымышларды олардан кейін келген салымшылар ақшасының есебінен бірінші кезекте төлеуді уәде етеді.
Осылай пирамида схемасында пирамиданың «астындағы» адамдардың көбісі үстіндегі саны аз тұлғаларға ақшасын төлейді.
Қорытындысында бұның барлығы елдің экономикасында маңызды рөл атқаратын инвестициялардың көлемін төмендетуге, мемлекеттік органдарды ешқандай шара қабылдамауына айыптауға және залалды бюджет қаражатынан қайтару талабына әкеп соғады.
Сондықтан қаржы пирамидалардың жұмыс істеуін әшкерелеу мен жол бермеу бойынша шаралар кешенін қабылдау және заң жүзінде біздің аумақта олардың жұмысына тыйым салу ұсынылып отыр.
Заңжобасын қабылдау азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін, оған қоса қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары жұмысының тиімділігін арттырады.
Бұдан басқа, Агенттіктің Ахуалдық орталығының тұсау кесері өтті. Бұл қолда бар ақпарат көздерінің негізінде қауіпті оқиғаларды анықтауға, қылмыстарды жасау схемаларын орнатуға, туыстық, әлеуметтік және т.б. белгілер бойынша субъектілердің арасындағы айқын және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған талдау кешені.
Депутаттарға Ахуалдық орталық жұмысының қағидалары, оның талдау және профилактикалық қызметінің нәтижелері туралы айтылды.
Ақпараттық көздермен жұмыс қаржы полициясы үшін ерекше маңызды, өйткені бюджет қаражаттардың қимылы, шаруашылық субъектіліренің арасындаға өзара есептесулер мемелекеттік дерекқорларда жиналады.
Бұндай жұмыстық маңыздылығы мен тиімділігі қаржы полицейлері қылмыстық қызметтің белгілерінің бар болуы немесе жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттың кейбір көлемін алыста отырып жинауға мүмкіндік беруі, содан соң нақты қауіпті субъектілер мен мәселелі зоналар бойынша жұмыс істеуге болады.
Ахуалдық орталықтың және қаржы полициясы талдау бөлімдері қызметкерлерінің жасаған жұмысының арқасында 3 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынды.

Агенттіктің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Жанат Еламановтың сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:http://finpol.gov.kz/rus/info/vist/?cid=0&rid=13653

Агенттіктің Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын департаментінің бастығы Марат Сексембаевтың сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:http://finpol.gov.kz/rus/info/vist/

0
243
0