Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:01, 07 октября 2013

Қ.Құрмашев ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды

Blog post image

Болгарияның Бургас қаласында өткен самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионатында батысқазақстандық Қазболат Құрмашев жеңімпаз атанды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан Әскербек Нұрмұқановтың хабарлағанындай, Қазболат 62 келі салмақта 50-55 жастағылар арасынан үздік шықты. Ол осымен ардагерлер арасында бесінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Сол секілді Қамеш Исмағұлов күміс, Ержан Абатов, Рашид Наурызалиев, Тарих Төлегенов өз салмақтарында және жас ерекшеліктеріне қарай қола жүлдені еншіледі.

Мұның алдында Нариман Қайырманов грек-рим күресінен Босния және Герцоговинаның Сараево қаласында ардагерлер арасында өткен әлем біріншілігінде күміс медальға қол жеткізген болатын. Өткен жылы да күміс жүлдені иеленген Нариман халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормасын орындап отыр.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
248
0