Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:40, 04 октября 2013

Астаналық марафоншылар Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына орай 280 шақырым жол жүгіріп өтпек


Астаналық марафоншылар
Бүгін елордадан Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына орай «Қазақ елі» монументінің алдынан «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің 15 марафоншысы Көкшетау қаласына дейінгі 280 шақырымдық жолға аттанды. Олардың жастары 25 пен 45 аралығында. Марафоншылар 280 шақырымдық жолды артқа тастап, 5 қазан күні Көкшетаудағы Абылай хан алаңына жететін болады. Дәл осы күні облыс орталығында Қазақтың ұлы ханына арналған салтанатты шаралар өткізіледі.

«Жаппай жүгіру эстафета принципі бойынша, яғни әрбір 5 шақырым сайын бір-бірін алмастыру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар марафоншылар өздерімен бірге Қазақстанның туын алып жүріп, оны Көкшетаудың орталық алаңына жеткізетін болады. Біздермен бірге арнайы автобус пен жол полициясының экипажы еріп отырады. Марафоншылар Бурабайға апаратын жаңа тас жолдың бойымен жүгіріп, кейін Көкшетауға оралады», — деді «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ төрағасы Нүкен Бейсенғазы.

Оның атап өтуінше, аталған шараны мемлекеттік органдар мен қатар бизнес құрылымдарда белсене қолдау білдірген.

«Мұндай марафонды ұйымдастыру жастардың ұлттық тарихты зерделеуге, оның ішінде талантты стратег әрі көреген басшы ретінде халық жадында сақталып қалған Абылай хан сынды ұлы тұлғалардың тағдырына қосышма қызығушылық тудыратын болады», — деді ол.

     
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
307
0