Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:05, 03 октября 2013

Астанада үздік Ақмола өңірлік гарнизонының әскери жүргізушісін таңдайды

Blog post imageҚазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үздік жүргізуші байқауын алғаш рет өткізуде. Ақмола өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен бөлімшелерінен келген өкілдер үш күн бойы өз шеберліктерін көрсететін болады. Олар автокөліктердің барлық түрлерін жүргізуден, бұзылған деталін жөндеуден, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетуден сайысқа түседі. Үздік жүргізушіні таңдау кезінде кәсіби әскери қызметшіге тән барлық қасиеттер назарға алынады.

Байқауға тәртібі жақсы, денсаулығы мықты әскери қызмет бойынша тек ең үздік жүргізушілер қатыстырылуда.

Бүгін Астана қаласындағы 83205 әскери бөлімінде «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атты алғашқы байқаудың (теория бойынша) бірінші кезеңі өткізілді. Қатысушылар жауынгерлік әзірлік, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Сап жарғысы, жолда жүру ережесі, алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша тексеруден өтті. Сонымен бірге, әскери жүргізушілер АК-74 автоматын шашып қайта жинаудан сайысқа түсті.

- Біздің армия жаңа кәсіби деңгейге көшуде. Барлық сайысқа қатысушылар - өз істерінің шеберлері. Ертең біздің алдымызда жауынгерлік сайыстың жеңімпазын анықтау жөнінде күрделі міндет тұр, - деді 83205 әскери бөлімінің командирі полковник  Айдар Абдрахман.

Ертең байқауға қатысушылар тәжірибе жүзінде автокөлікті басқарудың қыр сырларын көпшілікке танытады. Астана десантшы-шабуылдаушылар бригадасының автосынақ жолында әскери жүргізушілер КамАЗ-43114, ГАЗ-3302, ВАЗ-21214 автокөліктерін жүргізудің әртүрлі күрделі элементтерін орындайтын болады. БАҚ өкілдерін «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атты бірінші байқаудың қорытынды кезеңін насихаттау үшін шақырамыз.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
242
0