Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:55, 01 октября 2013

Шымкентте өткен ел чемпионатында батысқазақстандық жеңіл атлеттер үш медальді иеленді

Blog post image

Шымкент қаласында 1998-1999 жылғы жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігінде батысқазақстандықтар үш медальді иеленді.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, чемпионатқа еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілерінен құралған барлығы 31 команда қатысты. Батыс Қазақстаннан 9 спортшы барып, соның үшеуі жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, 3 мың метрге спорттық жүрістен Яна Чупракова алтыннан алқа тақса, Александра Павлышина қола жүлдені иеленді. Ал Марина Солодовникова найза лақтырудан екінші орынға көтерілді.

БҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орыннан көрінді.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
162
0