Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:57, 01 октября 2013

Астана қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының Аумақтық оқу орталығында Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен 2013 жылғы 23-27 қыркүйекте «Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау» тақырыбында ұлттық семинар өтеді

Астана қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының Аумақтық оқу орталығында Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының қолдауымен 2013 жылғы 23-27 қыркүйекте «Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау» тақырыбында ұлттық семинар өтеді.

Аталған шараға ДКҰ халықаралық сарапшылары, Қазақстан Республикасы кеден қызметтерінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, GSK, Unilever, HP, Novartis, Procter & Gamble, Philip Morris, Toyota, WD-40, 3M, Adidas сияқты ірі брендті компаниялардың өкілдері қатысады.

Аталған семинарды өткізу барысында шекарада контрафактілік өнімнің жолын кесу және анықтау әдістерінде алдыңғы қатарлы халықаралық практиканы талқылау жоспарлануда. Бұдан басқа, семинарда мақсатты индикаторлар мен тәуекел индикаторлар, зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін енгізу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері қарастырылатын болады.

 
0
246
0