Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
0
01:06, 30 сентября 2013

Барлаушылар жүктелген тапсырмаларды сәтті орындады

Blog post imageҚазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Қаратау-2013» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары аяқталды. Оған арнайы мақсаттағы топтар мен Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері қатысты. Сондай-ақ, оқу тапсырмаларын пысықтауға Әуе қорғанысы және Әскери-теңіз күштерінің басқару органдары да тартылды.

Қарулы Күштерде «Қаратау» оқу-жаттығулары жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жаттығулар өткен жылдармен салыстырғанда, бір ғана полигонмен шектелмей барлық өңірлік қолбасшылықтардың бірнеше оқу орталықтарының базасында өткізілді.

– Біздің өңірлік қолбасшылықтың барлау топтары да осы оқу-жаттығуларға қатысты, – деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мұрат Нұғыманов. – Біздің барлаушыларымыз өз тапсырмаларын сәтті және толық орындап шықты. Осы арқылы олар оқу-жаттығулардың сапалы өтуіне өз үлестерін қоса білді.
Барлаушылар бес күн бойы шарты қарсыласты анықтау, блок қою және оларды жою бойынша тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтады. Жаттығулар максимальді түрде шынайы жауынгерлік жағдайға жақын өткізілді. Далада қону, кенеттен шабуыл жасау, шартты қарсыластың жауап оқ атуы сияқты ұрыс жүргізудің жедел-тактикалық жағдайында жүргізілді.
«Қаратау-2013» оқу-жаттығуларын қолбасшылық жоғары бағалады. Бөлімшелер тапсырмаларды сауатты орындап шыққаны ерекше айтылды. Дайындық кезінде әскери қызметшілер жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тактикасын жетілдіре алды.
Стратегия 2050

941
0