• 97056
  • 69
  • 6
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ұлттық тарихты зерттей отырып

Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес республикада ұлттық тарих саласындағы зерттеулерді кеңейту мен тереңдету жөніндегі ауқымды міндеттер іске асырылып жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда Ведомствоаралық жұмыс тобы ғылыми-тарихи қоғамдастықпен бірлесіп үлкен жұмыс атқарды.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Халық тарих толқынында» атты арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, соған сәйкес қазіргі уақытта бірқатар зерттеу, білім беру және медиалық жобалар жүзеге асырылды.
25 қыркүйекте таңда Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысы болып өтті, онда уәкілетті мемлекеттік органдардың «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі, сондай-ақ жұмыс тобының бірінші және екінші отырыстарында қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметі қаралды.


Отырыста Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіпов сөз сөйлеп, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысты жаңғырту мәселелері жөніндегі тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы баяндады.
Баяндамада атап өтілгендей, 2013-2014 жаңа оқу жылының басында барлық мемлекеттік жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашылды, «Тарих» мамандығы бойынша жоғары білімді, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді, сондай-ақ PhD докторларын дайындауға мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды.

Ғалымдар тобы ежелгі дәуірден Тәуелсіздік алғанға дейінгі ұлттық тарих бойынша, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша базалық оқулықтар дайындау жұмыстарын бастады.
Тарихшы ғалымдар 201-2016 жылдарға арналған «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулер бағдарламасын әзірлеу үстінде.
Мәдениет және ақпарат министрі М.А.Құл-Мұхаммед министрліктің ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі міндеттердің ақпараттық блок бойынша іске асырылуы шеңберіндегі жұмысы туралы хабарлады.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Әбусейітова Меруерт Қуатқызы қазақстандық ғалымдардың шетелдік мұрағат орталықтарындағы жұмысының алдын-ала нәтижелері туралы сөз сөйледі

 

Жалпы, қазақстандық ғалымдардың он елдің шетелдік қорларына ғылыми іс-сапарлары ұйымдастырылды: Иран, Үндістан, Қытай, Египет, Түркия, Моңғолия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан, Ресей. Бүгінгі таңда 20 ғалым ғылыми іс-сапарларын аяқтады.
Экспедицияларға қатысушылар тарихи естелікті қалпына келтіру, Түркі қағанатының қалыптасуы мен дамуы тарихы бойынша түркі тасжазулары мен қолжазба дерек көздерін айқындау, суретке түсіру және көшіру жөніндегі ауқымды жұмыс атқарды, Шыңғысхан дәуірі кезеңіне дейінгі түркі тайпаларының тарихи сабақтастығы мен бірыңғай этнографиялық байланыстары болғаны туралы мәліметтерді айқындады.
Моңғолиядан, Қытайдан және Германиядан көне дәуір, түркі руналық тасжазба, көнеүнді, қытай дерек көздерінің негізіндегі ежелгі көшпенділер тарихы бойынша тарихи куәліктердің көшірмелері әкелінді, олар түркі (ішінара алғанда, қазақ) халықтарының ата-бабалары тарихының прото-, көне және орта түркілік кезеңдері туралы түсініктер береді.
Египетке, Иранға, Түркияға, Өзбекстанға, Қытайға, Үндістанға, Ресейге, Ұлыбританияға іс-сапарлар барысында түркі Хорезмшахтары тарихы, моңғолдар, ұйғырлар, барлық мұсылман билеушілері тарихы, Шыңғысхан, Әмір Темір тарихы бойынша құнды мұрағат материалдары, сондай-ақ Бодлеан және Британ кітапханаларында, Қытайдың Тұңғыш тарихи мұрағатында, Үндістанның Рампур қаласындағы Әмір Раз кітапханасында, Хайдарабад қаласындағы Саларджанг мұражайында, Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатында сақталған шығыс қолжазбалары айқындалып, көшірмелері әкелінді.
Қазақстанға Қытайдың Тұңғыш тарихи мұрағатынан қазақ тарихына қатысы бар Цин империясының мұрағат құжаттарының көшірмелері жеткізілді. Бұл құжаттар 1730 жылдың соңынан 1911 жылдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды және қазақ-қытай саяси, сыртқы саяси және экономикалық өзара қарым-қатынастар тарихын ашып көрсетеді. Қазақ билеушілерінің көрші мемлекеттер билеушілеріне жазған хаттарының ішінде Абылай ханның, сұлтан Болат ханның, Уәли сұлтанның және басқа да қазақ хандары мен сұлтандарының жазысхан хаттары туралы айрықша мәліметтер бар.

Сондай-ақ отырыс барысында құрылған ғылыми-зерттеу құрылымдарының тұсаукесері болып өтті: Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерделеу жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы, «Геоархеология» халықаралық зертханасы, «Дүние жүзі тарихын зерделеу» ғылыми-зерттеу орталығы, Популяциялық генетика зертханасы.
Орталық Азия дәстүрлі өркениеттерін зерделеу жөніндегі республикалық орталығын құрудың негізгі мақсаты Қазақстан мен Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерінің ғылыми проблемаларын жаңа әдістемелік ұстанымдардың негізінде әлемдік тарихнамадағы таным әдістерін сындарлы қайта бағалау тұрғысынан пысықтау болып табылады.

Орталықтың құрамына 5 сектор кіреді: Орталық Азияның дәстүрлі мәдениеттерінің тарихнамасы; көшпенділердің далалық империяларының тарихы; қазақ халқының этногенезі; Орталық Азия көшпенділерінің шектес көшпенді емес халықтармен өзара қарым-қатынасының тарихы; Дешті-Қыпшақ көшпенділер қоғамының әлеуметтік және этномәдени құрылымы.
Орталық жоғары білікті мамандармен жасақталған, олардың қатарында 13 ғылым докторы, 16 ғылым кандидаты, 1 PhD философия докторы, 6 докторант, АҚШ-тан, Жапониядан, Түркиядан және Қытайдан келген ғалымдар бар.

Популяциялық генетика зертханасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Жалпы генетика және цитология институты» РМК базасында құрылған және Қазақстанның қазіргі халқының популяциялық-генетикалық құрылымдарын палеогенетикалық зерттеулер мен зерделеуге бағытталған. Зертхана археологиялық жұмыстар барысында табылған адам қалдықтарының палеогенетикасы, қазіргі қазақтардың ДНК-ларын жинау және талдау, жануарлардың шынайы қазақи тұқымдарының шығуын зерделеу сияқты бағыттармен шұғылданатын болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «Геоархеология» артефактілерді археологиялық даталау жөніндегі халықаралық зертхана құрылды. Негізгі міндеті – Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы археологиялық ескерткіштер мен артефактілерді зерделеу және даталау кезінде әлемдік тарих призмасы арқылы заманауи парадигмалар мен инструментарийлер негізінде жаратылыс тану-ғылыми пәндердің әдістерінің әралуандығын пайдалану. Кадрлық құрамы 88 адамнан жасақталған (7 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 4 докторант, АҚШ-тан, Жапониядан, Германиядан, Ресейден келген жетекші ғалымдар).
Дүние жүзі тарихын зерделеу жөніндегі ғылыми орталық Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында құрылған. Орталықтың негізгі міндеті әлем тарихы дамуын заманауи парадигмалар мен инструментарийлер негізінде зерттеу.

Сол сияқты отырыста Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі «Mangi el» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналының сүйінші нөмірін таныстырды.
Журнал 3000 дана таралыммен шығады, таралу аумағы – Қазақстан, таяу және алыс шетелдердегі түркітілдес мемлекеттер.
Бас редакторы «Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов болып табылады. Журналдың редакциялық алқасының құрамына танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар енген.
Отырыс барысында Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелеріне жаңа «Қазақстан тарихы» веб-порталы да таныстырылды.

Бұл портал жаңа технологиялар мен эксклюзивті ақпараттың бірегей үйлесімі болып табылады. Әрбір тарихи кезең үшін порталда жеке беттер мен тұтастай айдарлар қатары ашылған.
Қазақстан тарихының қалай басталғаны қызықтыратын әрбір адам сирек кездесетін жарияланымдарды оқи алады, оған қоса өз материалдарын орналастыра алады.
Бір ресурстың өзінен сіздер әртүрлі форматтағы – қарапайым мәтін, PDF, инфографика, интерактивті ойындар, фото, бейне және аудио форматындағы ақпараттардың барлық түрлерін ала аласыз, оған қоса интерактивті талқылауға қатыса аласыз.
Әрбір пайдаланушы өз қалауы бойынша ұсынылған бөлімдердің кез келгенін таңдай алады: «e-history.kz»электрондық журналы – тарих, археология және этнография бойынша монографиялар, диссертациялар, рефераттар, ғылыми мақалалар жинақтары жарияланымдары; «ҰБТ сұрақтары»; «Интерактивті карта» - еліміздің киелі орындары мен көрікті жерлері бойынша электрондық гид.

Тарихты терең оқып-үйренушілер үшін мынандай арнайы жобалар қызықты болмақ: «Ауызша тарих - Устная история» - көп жасап, көпті көрген адамдар жадында сақталған ерекше және елеулі оқиғалар, кездесулер, тарихтар, көкейге түйгендер, алған әсерлер, тағдырлар мен эпизодтар жылнамасы; «Өлкетану – Краеведение» - тарихи өлкетану материалдары; «Қазақ ою-өрнектерінің сырлары - Тайны казахских орнаментов» - ою-өрнектер құру туралы материалдар, аңыз-әңгімелер; «Шежіре – Единое генеалогическое древо казахов» қазақ руларының шығуы мен ерте дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы.

Порталдың көптілділігі оның ең басты артықшылығы болып табылады, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат алуға болады.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Мемлекет басшысының ғылыми-тарихи қоғамдастықтың алдына ұлттық тарихи жадымызды қайта жандандыру, тарихымызды әлемдік-тарихи процестің бір бөлігі ретінде терең зерделеу және «ақтаңдақтарды» еңсеру жөніндегі ауқымды міндет қойып отырғанын атап өтті.
Мемлекет өз тарапынан ғылыми-тарихи қоғамдастықтың толыққанды кешенді қызмет етуі үшін барлық қажетті жағдайда жасайды.
Институционалдық сипаттағы бірқатар мәселелер шешілді. Қазақстандық ғалымдардың шетелдік мұрағат орталықтарындағы, мұражайлары мен кітапханаларындағы жұмысы жолға қойылды. Осы жұмыстың нәтижелерін жариялайтын баспасөз басылымы құрылды.
«Қазақстан тарихы» веб-порталы қазіргі жинақталып жатқан тарихи білімді жинақтауға, қорытуға және қолжетімдігін арттыруға арналған маңызды интеллектуалдық платформаға айналады.
Енді ғалымдардың міндеті – тарихымызды әлемдік тарихи процестің ажырамас бір бөлігі ретінде көріп, ұғынуға мүмкіндік беретін терең және объективті ғылыми зерттеулер мен байыпты талдаулар жүргізу.
Отырыс қорытындылары бойынша Ведомствоаралық комиссия мүшелеріне ұлттық тарихты зерделеу мәселелері бойынша қойылған міндеттерді іске асыруды жалғастыру тапсырылды.

Otegen7
2 октября 2013, 17:03
1128

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5369
  • 7
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 4296
  • 43
Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Только я дождался премьеры, как вдруг её отменяют. Откровенно говоря, у меня нереально бомбит от всего этого. Я, как и многие, очень люблю Дисней и его картины, и не против того, что они стали...
MrVladimirLV
17 марта 2017 / 16:03
  • 4107
  • 62
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки моя слабость наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 3797
  • 28
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 2926
  • 69
Что скажите о таком поведении? Той-не той, а мен крутой гой

Что скажите о таком поведении? Той-не той, а мен крутой гой

Это вообще что такое? Такой подарок молодым? Вот бытует мнение, что винят ведущего, кто-то говорит о людях. Я вообще такого не понимаю. Хотелось бы узнать ваше мнение, потому что я провел огромное...
fima
17 марта 2017 / 18:07
  • 2304
  • 12
Здесь никто не спросит: «Кушал ли я сегодня?». Опыт жизни в Дубае

Здесь никто не спросит: «Кушал ли я сегодня?». Опыт жизни в Дубае

Соседки в "апарте" были индианки и пакистанки, и я рада им, так как не уверена, что девочки из СНГ, с которыми кстати я сейчас живу на Шеринге, хоть раз спросили бы меня: "Кушала ли я?"
Sarasetek
17 марта 2017 / 18:03
  • 2143
  • 21
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
  • 2597
  • 99
Что известно о Кариме Баратове, казахском хакере, арестованном в Канаде

Что известно о Кариме Баратове, казахском хакере, арестованном в Канаде

Департамент юстиции Соединённых Штатов Америки провёл расследование кибератаки на поисковик Yahoo, которая произошла 3 года назад и по результатам которой было взломано больше 500 миллионов УЗП.
Seattle
17 марта 2017 / 18:32
  • 2109
  • 18