Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:32, 26 сентября 2013

Хоккей: «Барыстың» жеңісті жолы жалғасуда


Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Донбасс» (Украина, Донецк) командасын ұтып, қатарынан бесінші рет жеңіске жетті.

Бұл мачта да «Барыстың» хоккейшілері шабуылға шебер команда екендігін тағы бір мәрте танытты. Астаналық клуб ойынның бірінші кезеңінде-ақ қарсыластар қақпасына үш бірдей шайба соқты. Оның барлығы үш минуттың ішінде іске асты. Дастин Бойд дубль жасап, екі шайбаның авторы атанса, Талғат Жайлауовтың тамаша пастарын Федор Полищук пен Максим Спиридонов шебер іске асыра білді. «Донбасс» тек екі шайба ғана соға алды. Қорытынды есеп — 4:2.

Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайды олжалап, ҚХЛ-дың жалпы турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 21 ұпай бар. Одан бір саты жоғары тұрған «СКА»-да (Санкт-Петербор) — 22 ұпай. Алайда ол «Барыстан» бір матчқа артық ойнаған.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
132
0