Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:14, 26 сентября 2013

Қазақ-түрік әскери білімі: ынтымақтастықтың келешегі

Blog post imageҚорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация Түрік Республикасында жүр. Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшысының Түркияға ресми сапары 23-27 қыркүйек аралығына жоспарланған.

ҚР Қорғаныс министрі апта басында Анкарада Түрік жоғары әскери басшылығымен бірқатар келіссөздер өткізіп, қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің түрік тарапымен бірлескен жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ, Түркия Қарулы Күштерінің қорғаныс тапсырысын орындайтын бірқатар ірі әскери зауыттарда болды. Анкара түбінде орналасқан бітімгершілік бригадасына барды.

Стамбулда әскери білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев Түрік Қарулы Күштері Бас штабы Біріккен әскери академиясы басшылығымен талқылады. Осы академияда әскери академиялық білім бар майор, полковник әскери атағындағы офицерлер білім алады. Біріккен әскери академияның құрылымына Құрлық әскерлері, Әскери-әуе күштері және Әскери-теңіз күштерінің әскери академиялары кіреді. Осы академиялардың барлығы Стамбул қаласының бір аумағында орналасқан.

Бағдат Майкеев академияны бітірген қазақстандық әскери қызметшілердің даярлық деңгейіне көңіл толатынын жеткізіп, олардың іс жүзінде нақты нәтижелер көрсетумен қызмет бабында көтеріліп келе жатқанын атап өтті.

ҚР Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысының тапсырмасын орындай отырып, әскери білімді қорғаныс ведомствосының басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп берді. Бүгінгі таңда қазақстандық әскери қызметшілерге әлемнің ең беделді әскери жоғары оқу орындарында білім алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазақстандық офицерлердің осы жерде түрік офицерлерімен бір бағдарлама бойынша оқып жатқаны көңіл қуантады, - деп атап өтті генерал-майор Б. Майкеев.

Академия басшылығы қазақстандық тараппен ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға және дамытуға әзір екендіктерін білдірді. Қазіргі уақытта Түркия Құрлық әскерлерінің әскери академиясында қазақстандық әскери қызметшілер білім алуда.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
228
0