Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:02, 26 сентября 2013

Бокстан әлем чемпионаты: 10 боксшымыз — жартылай финалда


Blog post image

Бокстан Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында он боксшымыз жартылай шықты.
44 келіде Назерке Жүрғараева үндістандық Лаино Данладан басым түсіп, жартылай финалдық кезеңге шықты.

48 келіде Асыл Асқарова болгар Осман Хафизені жеңіп, ширек финалдан өтті. 52 келіде Айгерім Ошақбай ресейлік Умеда Саидованың мысын басып, жартылай финалға жолдама алды. 54 келіде Балауса Мұздыман румын Косма Кристинаның жолын кесіп, жартылай финал мәселесін шешті. 57 келіде Назым Ишванова да жартылай финалда. Ол алжирлік Ноур Вахмедтен басым болды. 60 келіде Екатерина Анисимова болгар Войка Вашованың үмітін үзді. 63 келіде Аида Әбікева румын Парашива Паскуды нокаутқа түсірді. 66 келіде Любовь Хасиева түрік Гизем Айдамирді жеңді. Ол да — жартылай финалда. 70 келіде Баян Ақбаева украин Анна Бойкадан басым түссе, 75 келіде Алтын Мұқышбекова түрік Аслихан Сивриді таза ұтып, жартылай финалға шықты. Үш төреші де жеңісті біздің боксшыға берді. Ал 80 келіде Ақмарал Шамшиденова ширек финалда украиналық Анастасия Космиракты сүріндірді, деп хабарлайды «Аламан».

 
0
202
0