Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:59, 25 сентября 2013

ҚР Кубогы. «Ертіс» өз алаңында «Шахтерды» жеңді

Blog post image

Футболдан ел кубогының жартылай финалының алғашқы кездесулері аяқталды. «Шахтер» сырт алаңда керекулік «Ертіске» соңғы минутта есе жіберіп алса, Арно Пайперс шәкірттері өз алаңында «Ақтөбемен» тең тарқасты.

«Тараз» — «Ақтөбе»

Blog post image

Қос ұжым арасындағы кездесу аса тартысты өтті. Алайда командалар бір-бірінің осал тұстарын таба алмады. Қауіпті шабуылдар көп болғанымен, қақпашылар Рамиль Нұрмұхаметов пен Андрей Сидельников өз шеберліктерін танытып, қақпаларына доп өткізбеді.

Кездесудегі статистика:

Доп ұстау басымдығы: 39% — 61%
Қақпаға соққы: 20 — 9
Қақпаға дәл соққы: 7 — 4
Ереже бұзу: 15 — 10
Офсайдтар: 1 — 3
Бұрыштама: 9 — 2
Сары қағаз: 3 — 3
Ойыншы алмасу: 2 — 3.

«Тараз» — «Ақтөбе» 0:0 (0:0).
Сары қағаз алғандар: Харабара 40, Диакате 64,  Евстигнеев 69, Мулдаров 76, Шабаев 87, Хайруллин 88, Бадло 94.
«Тараз»: Рамиль Нұрмұхаметов, Дмитрий Евстигнеев, Александр Кучма, Ерсін Мехмедович, Андрей Шабаев, Шерхан Бауыржан, Абдуллай Диакате, Константин Заречный 78 (Жақып Қожамберді), Николай Нестеренко, Тити Эссомба 67 (Эдуард Сергиенко), Мирослав Лечич 86 (Одита).
«Ақтөбе»: Андрей Сидельников, Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Юрий Логвиненко, Алексей Сулдаров, Евгений Дяденко 84 (Абат Айымбетов), Тимур Кападзе, Асхат Тағыберген 93 (Алдан Балтаев), Марат Хайруллин, Андрей Харабара, Сергей Давыдов 78 (Санат Шалкенов).

 

Талғат Байсуфинов командасы соңғы кездесулерінде сәтті ойындарымен жанкүйерлерін қуантып келеді. Бүгінгі кездесуге де тас-түйін шыққан алаң иелері «кеншілер» командасынан жеңісті соңғы минутта жұлып алды. Владимир Никитенко шәкірттерінің қақпасында допты тулатқан - Павел Шабалин.

«Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды) 1:0 (0:0).
Гол: Павел Шабалин 90+2 (1:0).
Сары қағаз алғандар: Шомко 44, Казарян 44, Сүйімбаев 49.

«Ертіс» (Павлодар): Никита Калмыков, Мамуту Кулибали, Штепан Кучер, Ғафуржан Сүйімбаев, Дмитрий Шомко 89 (Павел Шабалин), Предраг Говедарица, Дмитрий Иванов, Игорь Чучман, Қуаныш Бегалин, Сергей Струков, Игорь Юрин.
«Шахтер» (Қарағанды): Александр Мокин, Алдин Дждич, Сергей Малый, Александр Симчевич, Евгений Тарасов, Мақсат Байжанов, Гедиминас Вичюс 51 (Игорь Зенькович), Геворг Казарян, Роджер Каньяс, Роман Муртазаев, Андрей Финонченко.

Жартылай финалдың қарымта кездесулері 30 қазан күні өтеді. Қос жұп арасындағы финалға жолдама алғандарды сол күні анықтайтын боламыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
261
0