Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:41, 25 сентября 2013

Қазақстандық әскери делегация «Ресей қарау-жарақ көрмесі. Нижний Тагил-2013» қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесіне қатысуда

Blog post imageҚорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған қазақстандық әскери делегация «Ресей қару-жарақ көрмесі. Нижний Тагил-2013» ІХ Қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамында ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазарнаулыэкспорт» РМК өкілдері бар.
Қазақстанның әскери делегациясы Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің 150-ден астам ұйымы мен басқа елдердің 20-дан астам кәсіпорындары ұсынатын қару-жарақ пен әскери техниканың қазіргі заманғы түрлерімен танысады. Көрмеге қатысу қазақстандық армияны қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру жөніндегі міндетті шешуге жағдай жасайтын болады.

Сапар шеңберінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер әскери техникалық ынтымақтастыққа жетекшілік ететін министрліктері мен ведомстволары басшыларының жиналысына  қатысты. Жиналыста ҰҚШҰ форматында әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қаралды.
26 қыркүйекте ҰҚШҰ Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жанындағы Іскерлік кеңестің отырысына «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысады. Отырыста ҰҚШҰ шеңберінде мемлекетаралық интеграцияланған құрылымдарды  (бірлескен кәсіпорындарды) құру туралы мәселе қаралатын болады.
Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия 2005 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен ұйым форматында көпжақты ынтымақтастықты тереңдету және жетілдіру, интеграцияны дамыту мен әскери-экономикалық және әскери-техникалық салалардағы мәселелерді кешенді түрде шешу мақсатында құрылған.
«Ресей қарау-жарақ көрмесі. Нижний Тагил-2013» 2013 жылғы 25-28 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінің өкілдері келеді деп күтілуде.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
188
0