• 258814
  • 24
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сағадат Нұрмағамбетов

Бүгін 90-ға қараған шағында Қазақстанның Халық Батыры, Кеңес Одағының Батыры,Тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов қайтыс болды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Сағадат Нұрмағамбетовтің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

– Бұл бүкіл Қазақстан үшін орны толмас қаза. Біз ұстазымыздан әрі сенімді досымыздан айырылдық. Сағадат Қожахметұлы Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында аңызға айналған тұлға ретінде қалады,-деді Әділбек Жақсыбеков.
Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы, ұлты-қазақ, 1924 жылы 25 мамырда Целиноград облысы Алексеев ауданында (қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданында( дүниеге келген.
1942 жылы мектеп  партасынан Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның  Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1943 жылдың сәуір айынан  Ұлы Отан соғысының  майдандарында болды. 1945 жылдың мамыр айына дейін пулемет взводының командирі, пулемет ротасының командирі, 5-екпінді армияның ІІ дәрежелі Суворов орденді  301 Донецк Берлин атқыштар дивизиясының  1052 атқыштар полкі құрамында атқыштар батальонының командирі лауазымында соғысты. Краснодар өлкесін,   Украина, Молдавия, Батыс Белоруссия, Польша жерін жаудан азат етуге қатысты. 1945 жылы 27 ақпанда Польша жерінде жау қорғанысын бұзып өту кезіндегі жауынгерлік тапсырманы ержүректілікпен орындап көрсеткен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы (№ 5214) берілді. Соғысты Берлинде аяқтады. Сағадат Нұрмағамбетовтің батальоны Гитлердің рейхсканцеляриясына шабуыл жасады. Жеңістен кейін  батальонның жеке құрамы мемлекеттік маңызы бар  нысандарда күзету жөніндегі тапсырмаларды орындады.
1946 жылдың маусымы мен 1949 жылдың  қарашасы аралығында  М.И.Фрунзе атынддағы Әскери  академияны тәмамдады. Оқуын аяқтаған соң  Түркістан әскери округінде әртүрлі   штабтық, командалық  лауазымдарда жедел басқарманың аға офицері, мотоатқыштар полкінің командирі, мотоатқыштар дивизиясының  штаб бастығы,  Қазақ ССР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта азия әскери округі қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік топ әскерлері қолбасшысының  бірінші орынбасары (Венгрия) қызметін атқарды. Осы кезең аралығында КСРО Қарулы Күштері Бас штабының  Академиясында екі рет курстарда оқыды.
1989 жылы округ тараған соң  Қазақ Республикасы соғыс және еңбек, Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Комитеті  ардагерлер мен Қарулы Күштер мүгедектері істері төрағасы қызметтерін атқарды.
1991 жылы қазанда Қазақстан Республикасы  Президентінің  Жарлығымен Мемлекеттік Қорғаныс  Комитетінің Төрағасы, ал 1992 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
 

1994 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы  Президентінің  Жарлығымен оған Халық Қаһарманы атағы мен  № 1 «Алтын Жұлдыз» табыс етілді.

1995 жылғы қарашада  армия генералы атағымен отставкаға шықты. Республика Президенттің және ҚР Қорғаныс министрінің  кеңесшісі болды.
1971-1994 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
Ұлы - Талғат, 1952 ж.т., запастағы генерал-майор . Қызы Айсұлу. Немерелері бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен  Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебіне  армия генералы  Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді.
 

КСРО наградалары:

Кеңес Одағының Батыры
Ленин ордені
Октябрь Революциясы ордені
Қызыл Ту ордені
І дәрежелі Отан соғысы ордені
ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені
Екі Қызыл жұлдыз ордені
ІІІ дәрежелі КСРО Қарулы Күштеріне  Отанға қызмет еткені үшін» ордені
Екі Еңбек Қызыл Ту ордені
«Құрмет белгісі» ордені
Қазақстан:
Қазақстан Халық Батыры
«Отан»ордені
Ресей:
Достық ордені
Украина:
«Құрмет белгісі» ордені
Болгария, Польша, Чехия, Монғолия елдерінің наградалары бар
Целиноград, Алматы, Донецк қалаларының құрметті азаматы.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
МО РК minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
24 сентября 2013, 12:38
323

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Публикуя комментарий, авторы и пользователи соглашаются с тем, что модератор имеет право удалить комментарии, содержащие нецензурные слова, прямую и косвенную рекламу, пиар или запрещенную законодательством информацию.

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Вещи, которые делают британцы, и которые тяжело понять казахам

Вещи, которые делают британцы, и которые тяжело понять казахам

Я восхищаюсь британцами. Мне безумно нравится их стиль одежды, их манеры и их тонкий юмор. Британцы, в основном, очень умные, начитанные и любознательные. У меня есть друг британец, который прожил...
masami
25 июля 2015 / 10:08
  • 12946
  • 55
LG: инновации неподвластные времени

LG: инновации неподвластные времени

Особый подарок приготовила компания LG в рамках промо-акции, приуроченной к 550-летию Казахского Ханства. Лимитированная серия часов – роскошное дополнение к Вашей покупке!
LG
25 июля 2015 / 12:00
  • 5475
  • 2
Подробнее о выплате по беременности и родам. Лайфхак для тех, кто собрался в декрет

Подробнее о выплате по беременности и родам. Лайфхак для тех, кто собрался в декрет

До 2008 года отпуск по беременности и родам оплачивал работодатель. В 2007 году утвердили реформу, по которой с 2008 года работодателя освободили от этой обязанности...
DanaJarlygapova
29 июля 2015 / 16:32
  • 4751
  • 20
Человек, который должен нам 1 миллиард тенге. Факты о Серике Ахметове

Человек, который должен нам 1 миллиард тенге. Факты о Серике Ахметове

В Караганде начался громкий процесс по обвинению бывшего высокопоставленного чиновника, экс-премьера, экс-министра обороны и бывшего акима Карагандинской области – Серика Ахметова. Об уголовном...
Botanika
28 июля 2015 / 9:10
  • 3488
  • 11
Дневники рогоносца. Часть 6. Не возвращайтесь туда, где вас предали

Дневники рогоносца. Часть 6. Не возвращайтесь туда, где вас предали

Простить можно, но забыть никогда. Мысль о том, что вам изменили и о том, что еще могут изменить, будет пожирать ваш мозг день за днем. Так вы превратите в кошмар не только свою жизнь, но и жизнь детей...
svolochkuku
25 июля 2015 / 19:30
  • 5335
  • 54
Онлайн трансляция матча «Кайрат» — «Абердин»

Онлайн трансляция матча «Кайрат» — «Абердин»

"Астана" уже сыграла свой матч, но еврокубковые баталии и не думают сдавать обороты! 30 июля "Кайрат" у себя на "Центральном" принимает шотландский "Абердин".
Sport-man
вчера / 19:22
  • 4831
  • 16
Как учиться на ошибках: Я пишу IELTS третий раз и понял, самое главное – ежедневная практика

Как учиться на ошибках: Я пишу IELTS третий раз и понял, самое главное – ежедневная практика

Краткая история: три года назад, в 11 классе, я пытался поступить в Назарбаев Университет. Писал IELTS впервые: мало готовился, много мнил о своих навыках общения на английском языке (потому...
palilaman
28 июля 2015 / 16:30
  • 3169
  • 18
Битва мнений: голосуйте ЗА или ПРОТИВ Олимпиады-2022 в Алматы

Битва мнений: голосуйте ЗА или ПРОТИВ Олимпиады-2022 в Алматы

31 июля примерно в 15:45 по алматинскому времени мир узнает, где пройдут Зимние Олимпийские Игры 2022 года. Почти все действующие лица, влияющие на выбор, уже находятся в малазийском Куала-Лумпуре...
niyazov
вчера / 18:14
  • 3410
  • 94
Мое чисто субъективное мнение о том, каким не должен быть мужчина

Мое чисто субъективное мнение о том, каким не должен быть мужчина

Мужчины очень многого не понимают в женщинах и часто их критикуют. Не понимают, зачем девушки надувают губы на фотографиях, зачем они постоянно сохраняют рецепты блюд у себя на стене вконтакте...
masami
26 июля 2015 / 20:40